Атырау, 29 желтоқсан 15:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ал музыка әуелейді

1 855 просмотра

– Менің шағын ғана кафем бар. Оны арасында түрлі шаралар – той, мерейтой өткізуге жалға алып отырады. Кафеде музыканттар жоқ, оны той иелерінің өздері – музыканттары мен бишілерін шақырады, кейде өздері де ән салады. Мұндай жағдайда мен бұл шараларда қандай әндердің орындалатындығын білместен авторлық және аралас құқықтар төлемақысы үшін келісім-шарт жасауға тиістімін бе?

azh.kz сайтынан

Сауалға облыс прокурорының көмекшісі Нұржан ЖАНГЕРЕЕВ жауап береді:

-ҚР «Авторлық құқық  және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 26-шы  «Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу» бабына сәйкес, туынды авторының, орындаушының, дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушының және фонограмма жасаушының келiсiмiнсiз, бiрақ оларға сыйақы төлеп, дыбыс-бейнежазу туындысын немесе туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта және табыс алмай көшiрмелеуге жол берiледi. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қайта шығару үшiн сыйақыны осындай қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердi дайындаушы немесе импорттаушы тұлғалар төлейдi. Бұл жағдайда егер  музыкалық туындылар шағын отбасы шеңберінде жеке мақсаттар үшін қолданылған болса, онда ешқандай төлем төлеудің қажеттілігі жоқ.

11 сәуір 2012, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.