- №6 балабақшада жөндеу жұмыстарына 600 теңге жинап жатыр, ал жөндеу жұмыстарынан кейін балаларымызды басқа топқа ауыстырады. 2011 жылдың жазында топтың қорына 5000 теңгеден ақша жинап, осы ақшаға сплит жүйесін, телевизор, DVD, шаңсорғыш, ойыншықтар, стендтер және т.б. сатып алып, балалар бөлмесін жарақтап қойған едік. Енді біздің балаларымызды басқа орын-жайға ауыстырған кезде, стендтер мен сплит-жүйелерді қалдыруға тура келеді. Ешкімнің де бұл шығындарды өтемейтіні түсінікті, өйткені ақшаны өз еркімізбен жинаған едік. Бізді басқа топқа қандай негізде ауыстырып жатқанын білгіміз келеді?
Телефон арқылы
Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза ШАНГЕРЕЕВА жауап береді:
- Мектепке дейінгі білім беру мекемелері Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметтерінің типтік ережелері мен «Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» денсаулық сақтау министрінің бұйрығының негізінде жұмыс істейді. Аталмыш талаптарға сәйкес, оқу жылының аяғында балаларды бір топтан екінші топқа жасына байланысты ауыстырады.