Атырау, 28 желтоқсан 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Зейнетақыңызды мұқият есептетіп алыңыз!

- Менің жасым 62-де. Қазір жұмыстамын. Бұған дейін қысқартуға түсіп, екі жылдай жұмыссыз болдым. Маған зейнетақы қалай есептеледі? Жұмыс өтілімнің үзіліп қалғаны кері әсер етіп, ең төменгі зейнетақы есептеліп қалмай ма? Зейнетке шыққан соң жиналған ақшамды бірден ала аламын ба? 4 қаңтар 2012, 22:56 3 642 просмотра
Сұрақ-жауап

БТИ-ға келіңіз!

– Осы аптаның ішінде жеке тұрғын үй салу үшін жер үлесін алуға өтініш бергім келген, алайда, өз атымда тіркелген жер учаскесі жоқ деген анықтаманы бірнеше күн болды, әлі ала алмай жүрмін. БТИ-ға барғанымда олардың 21 қарашадан бастап, Сәтбаев, 23 мекен-жайына көшіп кеткендігін айтты. Бірақ олар ол жерде де болмай шықты. Мен БТИ мен халыққа қызмет көрсету орталығының арасында 3 күн жүрдім, бәрібір анықтаманы ала алмадым. 4 қаңтар 2012, 22:53 4 824 просмотра
Сұрақ-жауап

Екі ауылға үш автобус

– Қазір Привокзальныйдан Мирас және Жұлдыз поселкелеріне бар-жоғы 3 ПАЗ автобусы ғана жүреді, басқа қоғамдық көлік құралы жоқ. Және ол автобустардың барлығы да адамға лық толы болады. Геолог поселкесіндегі мектепте оқитын біздің балаларымыз сабаққа жаяу барады, яғни, адамға толы автобус жүргізушілері оларға тоқтамайды да. Бұдан басқа, автобус жүргізушілері жұмыстарын кешкі жетіде бітіріп тастайды. Бұл маршрутқа қашан тәртіп енгізіледі? 4 қаңтар 2012, 22:49 2 280 просмотра
Сұрақ-жауап

Қашқын қаңғыбас

– Біз Авангард-3 мөлтек ауданындағы  №41 үйде тұрамыз. Желтоқсанда біз үйдің жертөлесіндегі қаңғыбастардың арақ ішіп, төбелесіп, жертөледе от жаққандарының салдарынан  4 рет полиция және 2 рет өрт қызметін шақырған болатынбыз. Біздің «Әнуар» ПИК-нің төрайымы  жертөледегі тесікті бітеуге уәдесін берген еді, алайда, әлі күнге дейін орындаған жоқ. Бұл  жағдайда өрт сөндірушілер мен учаскелік инспектордың және ПИК-нің ешқандай өзара байланыстарының болмауы таңдандырады. Қалада орын алған терактілерден кейін барынша сақ болу керек емес пе?! 4 қаңтар 2012, 22:48 1 910 просмотра
Сұрақ-жауап

Желілік теледидардағы жеңілдіктер

– 2011 жылғы 29 қыркүйектегі «АЖ» газетінің №39 санында «ТВС ТV» кабельдік желісінің менеджері Қарлығаш БЛЯШЕВАНЫҢ өз абоненттеріне ұсынатын жеңілдіктері туралы қойылған сұраққа жауабы жарияланды. Менің жұбайым – Ауған соғысының ардагері. Жауапта айтылғандай. Ол «ТВС ТV» қызметін тегін алуға құқылы. Алайда, кабельдік теледидар компаниясына хабарласқан кезде, бізге «АЖ» тілшісі бәрін шатастырған деп мәлімдеп, жеңілдіктер беруден бас тартты. Сонда қалай болғаны? 30 қараша 2011, 20:01 2 068 просмотра
Сұрақ-жауап

Коммуналдық көмек жойылады

– Біз, ауған соғысының ардагерлері жәрдемақыдан бөлек 3 мың теңгенің үстінде артық ақша алып отырмыз, бұл дәрі-дәрмекке берілген болуы керек. Жәрдемақымды алып жүрген пошта бөлімшесіндегілер таяу уақытта үстеме төлем мөлшерінің қысқартылатындығын айтты. Бұл неге байланысты екен? 30 қараша 2011, 19:59 2 093 просмотра
Сұрақ-жауап

Тәубеге келмейтін күйеу

– Менің құрбым ІІ топ мүгедегі (онкологиялық сырқаттан кейін), 17 және 11 жастағы екі баласы бар. Үлкен қызының есту қабілетінде кінәрат бар. Ал баласы неврологиялық сырқатқа шалдыққан. Көп жыл бұрын ол күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Бірақ онымен бірге салған үйде бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болып отыр. Бірақ онда балалар тұрады деген шартпен үйді салуға қаржының көп бөлігін құрбымның әпкесі берген еді. Енді бұрынғы күйеуі құрбымды екеуінің ортақ балаларымен бірге үйден қуып отыр. Күйеуін қалай тәубесіне келтірсек екен? Кезінде құрбым алимент алуға арыз берген болатын, бірақ ақыры алимент те ала алмады. Бұрынғы күйеуі жұмыс істемейтінін, сондықтан да балаларына ештеңе бере алмайтынын айтады. 30 қараша 2011, 20:04 2 141 просмотра
Сұрақ-жауап

Жеке бас куәлігі жеткілікті

– Бірнеше айдан бері белгісіз себептермен жерлеу жәрдемақысын ала алмай келеміз. Мәселе мынада: қайтыс болғандығы туралы анықтама жеке бас куәлігі бойынша жазылыпты. Онда әжемнің қыз күніндегі фамилиясы көрсетілген. Ал неке туралы куәлік бойынша әжем күйеуінің фамилиясын алған екен. Бірақ неліктен екені белгісіз, фамилиясын жеке басын куәландыратын басқа құжаттарда ауыстырмаған боп шықты. Енді мемлекеттік жәрдемақы төлеу орталығының аудандық бөлімінің қызметкерлері құжаттардағы фамилияны өзгертуді талап етіп, бізге жәрдемақы беруден бас тартып отыр. Осы заңды ма? 30 қараша 2011, 20:02 2 148 просмотра
Сұрақ-жауап

Жұмыстан өз еркімен кету

– Мен кәсіпорында 2 жылдай еңбек еттім. Штат қызметкерлерінің санын қысқарту жөніндегі бұйрықпен мені жұмыстан шығарды, бірақ, алдағы қысқарту жөнінде мен тек бір ай бұрын ғана білдім. Әрине, мен мұнымен келіспедім де сотқа шағымдандым. Қалалық соттың шешімімен менің талап арызым қанағаттандырылмай қалды. Менің жұмыстан шығарылуым мен соттың шешімі заңды ма? Бұл тұрғыда прокуратураның пікірі қандай? 23 қараша 2011, 20:56 2 815 просмотра
Сұрақ-жауап

Дәрігер Африкада да дәрігер

– Өзім жұмыс жасайтын кәсіпорынның есеп бөлімі дәрігерлік мекеме емеспіз деп маған тиесілі үстеме ақымды төлеуден бас тартып отыр. Бұл үстеме ақы ҚР үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 (19 жалғама, 12-тармақ, 3-тармақша) қаулысына сәйкес төленуі тиісті ме? Егер тиісті болса, ТЖМ ведомстволарының бірінде құтқарушы отрядында жұмыс жасайтын және бірінші санатты дәрігерге дәрігерлерге кәсіби санаттылығы үшін төленетін үстеме ақының мөлшері қандай? 23 қараша 2011, 20:51 2 186 просмотра
Сұрақ-жауап

«Түнгі» тариф

-Түнде біздің пәтердің жылу құбырынан су ағып, оны өз күшімізбен тоқтатуға тура келді. Судың қатты арынынан, оның үстіне суды қайдан тоқтатуды білмегендіктен көршімізге су кетіп қалды. Қалада кез-келген уақытта шақыртуға келетін, мейлі, ол ақылы болса да қызмет көрсететін апатты қызмет орындары бар ма? 23 қараша 2011, 20:52 1 583 просмотра
Сұрақ-жауап

Тергеу құпиясы

– Осы жылдың наурыз айында күйеуімнің жұмысында ұрлық болды. Киім шешінетін жердегі жәшікті бұзып, барлық бағалы деген заттарды: ұялы телефондарды (IMEI-коды бар), алтын бұйымдарды, құжаттар мен кәртішкелері бар қалта әмияны және басқа да заттарды ұрлап кеткен. Бастапқыда бұл істі тергеумен қалалық ІІБ айналысты, жауап, саусақ іздерін алды. Келесі айда іс аумақтық орналасуына байланысты Балықшыдағы полиция бөлімшесіне берілді. Содан бері  күйеуімді және оның әріптестерін ұрланған заттардың құнын шамамен анықтауға және ұрланғандығы туралы арыз жазуға тағы да екі рет шақыртты. Сонымен іс бітті. Істің қайтадан қаралып, тергеудің жүруі үшін не істеуге болады және жалпы тергеуге қанша уақыт беріледі немесе оны жай ғана жауып тастап, ашылмаған іс ретінде мұрағатқа тапсыра ма? 23 қараша 2011, 21:00 1 940 просмотра
Сұрақ-жауап

Шенді алу соттың құзырында

– Айыпталушылар орындығынан құқық қорғау қызметкерлері жиі орын алып жатады. Алайда, оларды шендерінен түгел айырып жатпайды. Мәселен, өткен жылы сотталған  «Күзеттегі» есірткі сатушы лейтенант  Дәулетовті арнайы атағынан айырды, ал, оның есірткі салушы қалалық ІІБ-дегі әріптестерін (Саргсян, Сиранов, Мұқашев, Ахметов) өз шендерінде қалдырды. Осы қылмыскерлердің арасында олардың шендерінің қандай айырмашылықтары бар? 23 қараша 2011, 20:54 1 631 просмотра
Сұрақ-жауап

Купюрды біз ауыстырамыз

– Мен көптеген көнекөз қариялар секілді бірнеше жылдан бері ақшамды матрас астына салып жинаймын, банктерге сенбеймін. Біраз ақша жинадым. Алайда, мен банкноттар арасында ескі үлгідегілерінің болатынын ойламаппын. Қазір оларды жаңасына ауыстырып жатыр ғой. Ақшаларымның барлығын бірдей банкке апармай-ақ, банкноттардың қай жылы шыққандығын өз бетімше қалай анықтауға болады? 16 қараша 2011, 20:05 1 825 просмотра
Сұрақ-жауап

Белгілерге назар аудар!

– Сәтбаев даңғылы бойында ешқандай белгі және жол ортасындағы «зебра» жолақ таңбасы жоқ жаяу жүргіншілер өткелі аз емес. Ол әсіресе, «Атырау» сауда-ойын сауық орталығы мен мешіт ауданында байқалады. Өтетін жер мен түсетін жерлер жаяу аймақта қаралған, алайда, дегенмен «жаяу жүргінші өткелі» екендігін білдіретін  ешқандай белгі қойылмаған. Жүргінші жолды жүгіріп өткен жаяу жүргіншілер белгілерге аса көп мән бермей апатты жағдайлар туғызады. Бұған қатысты қандай шара алынбақшы?   16 қараша 2011, 20:03 2 452 просмотра
Сұрақ-жауап

Жылжымалы топты күтуден шаршады

– Біздің ата-аналарымыз тыл ардагерлері. Жеке идентификациялық нөмір беруге байланысты жеке куәліктерді ауыстыру науқаны басталған кезде бізге әкімдіктен қоңырау шалып, қарт адамдарға ешқайда барудың қажеті жоқ екенін, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің өздері үйге келіп алып кететіндігін айтқан еді. Жылдың аяқталуына екі айдан кем уақыт қалса да үйлерімізге ешкім келген жоқ. Қарттар болса  ЖИН болмағандықтан зейнетақыларын ала алмай қаламыз деп алаңдап отыр. Бәлкім, оларға күтудің керегі болмас, халыққа қызмет көрсету орталығына өздерінің барғаны жөн болар? 16 қараша 2011, 20:07 1 878 просмотра
Жүргізушіні жаңылдырған белгілер Сұрақ-жауап

Жүргізушіні жаңылдырған белгілер

– Сәтбаев – Тайманов қиылысында ескі қала жақтан келетін көлік, неліктен екені белгісіз, «Логиком» дүкені жақтан шығатын көлікке жол береді. Алайда ол жерде «Stop» және «Жол бер» деген белгілер орнатылған. «Анвар» супермаркетінің қасында «Жол бер» деген белгі тұрса да, Сәтбаев – Молдағұлова қиылысындағы жағдай дәл осындай. Неліктен оларға айыппұл салмайды? 9 қараша 2011, 19:07 2 547 просмотра
Сұрақ-жауап

Бала мүддесі ескеріледі

– Азаматтық некеде дүниеге келген балам бар. Ол бұрынғы азаматтық некедегі зайыбымның фамилиясын алған еді. Қазір баламның әкесі оның тәрбиесіне еш қол ұшын бермейді: алимент те төлемейді, баласына да келмейді. Тіпті оны қайдан іздерімді де білмеймін. Ол әкелік парызын атқармағандықтан, баламның фамилиясын өз атыма ауыстырғым келеді. Бұл мүмкін бе? 9 қараша 2011, 19:13 2 196 просмотра
Сұрақ-жауап

Күйеуім мүлікті жасырыпты

– Ажырасқан кезде күйеуіміз екеуміз ортақ мүлкімізді бөліске салған едік. Бірақ жақында осыдан екі жыл бұрын некеде тұрған кезімізде күйеуімнің маған айтпай жер учаскесін сатып алғанын және мүлікті бөлісу кезінде оны жасырып қалғанын білдім. Сондай-ақ, күйеуім екеуміз менің атыма көп сомада тұтынушы несиесін алған едік. Оны отбасы мұқтаждығы үшін жұмсадық. Бұрынғы күйеуім қазір осы несиені өтеуге көмектеспей отыр. Күйеуім сатып алған жер учаскесінің бір бөлігін ала аламын ба және бұрын отбасы мұқтаждығы үшін алынған несиені төлеуге қатысты мәселе қалай болмақ? 9 қараша 2011, 19:12 2 257 просмотра