Атырау, 29 желтоқсан 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жылжымалы топты күтуден шаршады

1 879 просмотра

– Біздің ата-аналарымыз тыл ардагерлері. Жеке идентификациялық нөмір беруге байланысты жеке куәліктерді ауыстыру науқаны басталған кезде бізге әкімдіктен қоңырау шалып, қарт адамдарға ешқайда барудың қажеті жоқ екенін, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің өздері үйге келіп алып кететіндігін айтқан еді. Жылдың аяқталуына екі айдан кем уақыт қалса да үйлерімізге ешкім келген жоқ. Қарттар болса  ЖИН болмағандықтан зейнетақыларын ала алмай қаламыз деп алаңдап отыр. Бәлкім, оларға күтудің керегі болмас, халыққа қызмет көрсету орталығына өздерінің барғаны жөн болар?

Телефон арқылы

Қала әкімі аппаратының басшысы Нұрлан ЕРҒАЛИЕВТІҢ хабарлағанындай, қалалық әкімдік құжаттарды қайта рәсімдеумен айналыспайды. «Өткен жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары  (облыстық, қалалық) жанынан ҰОС және тыл ардагерлеріне, І және ІІ-топ мүгедектері мен басқа да орталыққа өз аяқтарымен келе алмайтын мұқтаж жандардың үйлеріне барып қызмет көрсететін мамандардың жылжымалы тобы жұмыс жасап келеді. Олардың тізімін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және көші-қон қызметі дайындайды», - дейді облыстық халыққа қызмет көрсету  орталығы директорының орынбасары Еділ САДЫҚОВ. Денсаулықтарына байланысты өз бетінше халыққа қызмет көрсету орталықтарына бара алмайтындарға Е.Садықов: 21-34-30 (облыстық ХҚО), 35-75-30 (Баймұханов көшесіндегі қалалық ХҚО) және  24-34-90 ( Балықшыдағы ХҚО) телефондары бойынша ұйымдастыру бөліміне хабарласуға кеңес берді.

16 қараша 2011, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.