Атырау, 27 желтоқсан 16:28
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Банктің келісімін алыңыз

– Алғалы жатқан пәтерім кепілдікте тұрған еді. Мен қалған несиенің сомасын аванс ретінде төлеп, ал мүлік кепілдіктен алынғаннан кейін қалған соманы төлейтін болып, сатушы екеуміз келісім жасамақ болғанбыз. Бірақ мен сатушының денсаулығына алаңдаймын. Біздің мәмілеміз аяқталғанша, оның аман-сау болатынына сенімді болмай отырмын. Егер ол шынымен де мәмілеміз аяқталғанша о дүниелік болса ше? Маған оның туысқандарын іздеп тауып, аза тұтып отырған адамдардан пәтер құқығымды талап етуіме тура келе ме? 15 қыркүйек 2011, 23:32 2 064 просмотра
Сұрақ-жауап

Бұрынғы кезегі бұзылады

– Ақтау қаласында тұрған кезде бірнеше жыл бойына жетім ретінде коммуналдық баспана алу кезегінде тұрдым. Қазір Атырауға көшіп келдім. Ақтаудағы кезегім бойынша мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы негізінде үй алу кезегіне тұра алам ба? 15 қыркүйек 2011, 23:38 1 903 просмотра
Сұрақ-жауап

Биыл асфальт болмайды

- «Атырауинждорстрой» компаниясының жол-құрылыс бригадалары Бірлік-1 мен Бірлік-3 поселкелерін асфальттап, олардың аралығында орналасқан Бірлік-2 поселкесіндегі жұмыстарды аяқтамады. Атап айтқанда, Жарылғасұлы көшесі асфальтсыз қалды, ал Сбиков пен Қорқыт ата көшелері жартылай асфальтталған. Жұмыстар қашан аяқталады? 15 қыркүйек 2011, 23:39 1 902 просмотра
Сұрақ-жауап

Көмек көптік кетпейді

– Облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге қатыса ма? Осыдан бір жыл бұрын сол кездегі Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы бұрынғы сотталушыларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығын ашу жоспарланып жатқанын хабарлаған болатын.  15 қыркүйек 2011, 23:18 1 927 просмотра
Сұрақ-жауап

Қарызды алу оңай, беру қиын

– Танысыма ешқандай нотариалдық расталған қолхатсыз ірі сомада қарызға ақша берген едім. Енді өкініп отырмын. Уәде еткеніне қарамастан, ол ақшаны беруге асығар емес. Дәлел ретінде тек sms арқылы жазысқан хабарламалар ғана бар. Қайдан көмек сұрауға болады? 15 қыркүйек 2011, 23:23 3 573 просмотра
Сұрақ-жауап

“Ольга бізге жолықсын”

– 2009 жылы «Химик» бағбандық серіктестігінің Грушевая көшесінің бағбандары «Атырау су арнасы» КМК рұқсатымен өз қаржыларына Көкарна поселкесінен су құбырын тартқан болатын. Менің саяжайым осы көшенің бойында еді. Бірақ мен жолаушылап кеткендіктен, су құбырын жалғауға үлгере алмай қалдым. Кейінірек «Атырау су арнасы» КМК-не рұқсат алу үшін барған едім, ондағылар уақытымен осы су құбырын салып алған көршілерімнің жазбаша келісімін алуға кеңес берді. Мен олардың қолдарын қойғызып, келісімдерін алған едім. Енді су құбырындағы сумен көшеттерді суарасыз деген желеумен маған техникалық шартты беруден бас тартып отыр. Бізде суаруға арналған суарма су құбыры бар ғой, маған көшеттерді хлорланған сумен суарып қажеті қандай?! 8 қыркүйек 2011, 21:32 2 019 просмотра
Сұрақ-жауап

Үстеме ақы төленеді

– Туысқаным Сағыздағы мектепте медбике боп жұмыс жасайды. Жұмыс өтілі 17 жыл болатын ол жақында жоғарғы санатқа ие болды. Медицина саласында емес, білім беру мекемесінде жұмыс жасап жатқанын желеуретіп, ол жасайтын мектепте оған жоғарғы санаты бойынша үстеме ақысын төлеуден бас тартып отыр. Басқа аудандарда, мәселен, бізде, санат үшін үстеме ақыны мектеп медбикелеріне төлейді. 1 қыркүйек 2011, 00:07 2 160 просмотра
Сұрақ-жауап

Құлағыңыз естімесе, рульге отырмаңыз

– Таяу күндері жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде «Кереңдік» деген белгіні көріп, оны беруден бас тартты. 10 жыл бұрын осындай жағдай орын алған еді. Бірақ ол кезде проблемаға адамша және түсіністікпен қараған болатын. Менің аудиограммамды қарап, менің саңырау емес, тек жиіліктер бойынша ғана ақауым бар екенін, тек жай дыбыстарды ғана естімей қалатынымды анықтаған еді. Осы диагноз бен толықтай кереңдіктің арасындағы айырмашылық үлкен. Менің 40 жылдық жүргізушілік өтілім бар. 20 жыл бойына автобус жүргіздім. Жыл өткен сайын сол жақ аяғым жүргізбей, қиындықпен қозғаламын. Көліксіз тіпті, зейнетақымды алу үшін поштаға немесе нан алу үшін дүкенге жете алмай қаламын. Көліксіз ешқайда шыға алмаймын. Осы жағдайды анықтап, немқұрайлы қарамасаңыздар екен деймін. 1 қыркүйек 2011, 00:04 2 312 просмотра
Сұрақ-жауап

Үйіме кіре алмай жүрмін

– «City brew» мейрамханасына қарсы жолға қос жолақ салынған. Енді Авангард жақтан қозғалғанда бірден сол жаққа қарай бұра алмай, 4-ші ықшамаудандағы №18 үйімнің ауласына кіре алмаймын. Маған бұрылу үшін рұқсат етілген бұрылысқа дейін бару керек. Үйдің басқа жағынан да аулаға шыға алмаймын, ПИК орнатқан жабын тұрба кедергі келтіреді. Аулада тұратын көлік иелеріне не істеуге болады? Бұрылыс аймағынан біздің үйге қарай үзік сызықты жолақ салуға болмай ма? 1 қыркүйек 2011, 00:05 1 982 просмотра
Сұрақ-жауап

Пәтеріңізде ешкімнің шаруасы жоқ

– Көршіміздің жақын арада күйеуі қайтыс болды. Ол егде тартқан жалғызбасты әрі аурушаң адам. Біз оған Қарттар үйіне орналасуға кеңес бергіміз келеді. Оны қалай рәсімдеуге болады? Оның пәтері не болмақ? Көршім егер ол Қарттар үйіне баратын болса, мемлекет оның мүлкін алып қояды деп ойлайды. 1 қыркүйек 2011, 00:02 2 485 просмотра
Сұрақ-жауап

Аттестациялау ақиқатын айтады

- Мен кен орынында химиялық зертханада зертханашы болып жұмыс жасаймын. Жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілген  кезде (мен болмағанда) ол қауіпсіз деп танылған. Алайда, біздерге үнемі зиянды заттектермен тыныстауға тура келеді. Мен  жұмыс орынына аттестаттауды жүргізу ережесін білейін деп едім. Оны кім жүргізуі тиіс? Жұмыс орынын аттестаттау барысында  қандай шамалар қаперге алынады? Мәселен, газбен бүлінгендік, тербелістер, жарықтың дәрежесі ескеріле ме? 25 тамыз 2011, 00:10 5 466 просмотра
Сұрақ-жауап

Сүргі салуға құқы жоқ

– Бұл сауал тауарларын сату мақсатында сауда алаңдарын жалға алып отырған коммерсанттар үшін барынша өзекті. Біздің қаланың кәсіпкерлерге бутиктерді жалға беретін кейбір сауда үйлерінде өздерінің ішкі ережелері бар. Бұл ережелерге... 25 тамыз 2011, 00:14 2 070 просмотра
Сұрақ-жауап

Туған әкесінің келісімі керек

– Мен жасы тоғызға келген әйелімнің бірінші некесіндегі  баланы өз атыма жаздыртып алғым келеді, бірақ, оған оның туған әкесі қарсы. Мен оның туған әкесінің келісімінсіз баланы өз атыма жаздыртып, асырап алуды рәсімдей алам ба? 25 тамыз 2011, 00:12 2 268 просмотра
Сұрақ-жауап

Уәде етілген асфальт қайда?

– «Гаухартас» тұрғын үй кешеніндегі көшелер мен аулалар қашан асфальтталады? Осы жылдың көктемінде жарияланған тізімде біздің тұрғын үй кешеніміз көрсетілген еді. Бірақ, әзірге ешқандай өзгеріс бола қойған жоқ. 18 тамыз 2011, 23:04 2 007 просмотра
Сұрақ-жауап

Тегін жолақы - оқу кезінде ғана

- Жазғы демалыста кондукторлар оқушыларды маршруттарда жүргізбейді. Олардан жолақысын талап етеді. Жолақысы оқушылар үшін тегін емес пе? Әлде оқушы демалыс күндері оқушы жасындағы болып есептелмей қала ма? Осы жағын реттейтін біреу болса екен дейміз.  18 тамыз 2011, 15:50 2 212 просмотра
Сұрақ-жауап

“Мұқан” мен “Аркадий” әзір көшпейді

- Гайдар көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары көшіріле ме? - Төлебаев көшесі бойындағы №44 үйдің тұрғындарын  көшіру жоспарда бар ма? - Мен зейнеткермін, жанұяммен бірге С.Датов көшесіндегі №11 үйде тұрамын. Бұл үй пайдалануға 1983 жылы берілді. Жаңбыр жауған кезде төбеден су тамшылайды. Біздерде шатырды өз күшімізбен ауыстыратын мүмкіндігіміз жоқ. Үй апатты жағдайда тұр. Осыүйді күреп тастау жоспарда бар ма? 18 тамыз 2011, 22:53 2 224 просмотра
Сұрақ-жауап

Биыл үміт жоқ

- Балықшы поселкесінен әріде орналасқан Ақжайық ауылындағы бес көше биыл жөнделеді делінген болатын. Осыдан кейін ауылдағы екі көшенің жолдарын жөндеу жұмысы басталып, ортасына келгенде тоқтап қалды. Қазір жартылай бітпеген күйі тұр. Қалалық әкімдік биыл салынады деген көшелердің жолы не себептен жөнделмей қалды? Жол төсеу жұмысы биыл біте ме? 18 тамыз 2011, 15:52 2 512 просмотра
Тұтынушы таңдау құқына ие Сұрақ-жауап

Тұтынушы таңдау құқына ие

– Монополист тұтынушыға есептегіш құралын қайдан сатып алатындығын айтып, бұйыруға құқылы ма? «Атырау Энергосату» мекемесінде маған есептегіш құралды Уәлиханов көшесіндегі өздерінің ғимаратына қарсы дүкеннен сатып алу керектігін айтты. Есептегіш құралдар онда 7 000 теңге тұрады. Мен сол есептегішті... 18 тамыз 2011, 23:17 3 194 просмотра