– «City brew» мейрамханасына қарсы жолға қос жолақ салынған. Енді Авангард жақтан қозғалғанда бірден сол жаққа қарай бұра алмай, 4-ші ықшамаудандағы №18 үйімнің ауласына кіре алмаймын. Маған бұрылу үшін рұқсат етілген бұрылысқа дейін бару керек. Үйдің басқа жағынан да аулаға шыға алмаймын, ПИК орнатқан жабын тұрба кедергі келтіреді. Аулада тұратын көлік иелеріне не істеуге болады? Бұрылыс аймағынан біздің үйге қарай үзік сызықты жолақ салуға болмай ма?
Телефон арқылы
Атырау облыстық ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ жауап береді:
– Авангард 4-ықшам ауданындағы №18 үйдің ауласына кірер кездегі Владимирский көшесінің бойындағы жол белгісін (қос тұтас жолақ) салуға қатысты мынаны хабардар етеміз: Авангард жақтан қозғалғанда сол жаққа бұрылуға тыйым салынған бұл жол белгісінің салыну себебі – бұл жер Владимирский – Ғұмаров көшелерінің қиылысындағы торапқа жақын жерге орналасқан. Бұл фактор осы жердегі қозғалысты қиындатып, жол қозғалысына қауіп төндіреді. Сондықтан осы учаскедегі тұтас қос жолақты үзік сызықтыға ауыстыруға болмайды.