Атырау, 18 сәуір 15:43
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Пәтеріңізде ешкімнің шаруасы жоқ

2 230 просмотра

– Көршіміздің жақын арада күйеуі қайтыс болды. Ол егде тартқан жалғызбасты әрі аурушаң адам. Біз оған Қарттар үйіне орналасуға кеңес бергіміз келеді. Оны қалай рәсімдеуге болады? Оның пәтері не болмақ? Көршім егер ол Қарттар үйіне баратын болса, мемлекет оның мүлкін алып қояды деп ойлайды.

Телефон арқылы

Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі директорының міндетін атқарушы Гүлшара КЕНЖЕАХМЕТОВА жауап береді:

– Қарттар үйіне рәсімдеу үшін ең алдымен еңбекке қабілетті балалары жоқ жалғызбасты зейнеткердің (немесе І-ІІ топтағы кәмелетке толған мүгедектің) өзінің тілегі ескеріледі. Зейнеткердің (немесе І-ІІ топтағы мүгедектің) атынан қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш беріліп, медициналық және тұрмыстық тексеру бойынша қажетті құжаттар толтырылады. Облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жолдамасына сәйкес, арнайы комиссияның шешімінің негізінде ниет білдірушілер Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне рәсімделеді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Мереке ЖАҢБЫРБАЕВ комментарий береді: «Пәтер оның қожайынында қалады. Ол пәтерді жалға беріп, сата алады немесе тарту ете алады. Бұл оның өз қалауындағы мәселе».

1 қыркүйек 2011, 00:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.