Атырау, 28 желтоқсан 09:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Бұрынғы кезегі бұзылады

1 903 просмотра

– Ақтау қаласында тұрған кезде бірнеше жыл бойына жетім ретінде коммуналдық баспана алу кезегінде тұрдым. Қазір Атырауға көшіп келдім. Ақтаудағы кезегім бойынша мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы негізінде үй алу кезегіне тұра алам ба?

Наталья Ч.

Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгілі бір елді мекенде тұрақты мекендейтін (мекен ету мерзіміне қарамастан) баспанаға мұқтаж және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын Қазақстан азаматтарына ұсынылады. Осы заңның 68-бабына сәйкес, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа толмаған жетім балалар халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жатады. Сондықтан баспанаға мұқтаж екендігі расталса, аталмыш азаматша баспанаға мұқтаждар тізіміне есепке алынатын болады. Бірақ оның бұрынғы кезегі сақталмайды. Ақтауда ендігі оны баспанаға мұқтаждар есебінен шығарып тастаған да шығар. Өйткені осы заңның 73-бабына сәйкес, басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кетсе, бұл баспанаға мұқтаждар есебінен шығаруға негіз боп табылады.

15 қыркүйек 2011, 23:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.