- Мен кен орынында химиялық зертханада зертханашы болып жұмыс жасаймын. Жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілген кезде (мен болмағанда) ол қауіпсіз деп танылған. Алайда, біздерге үнемі зиянды заттектермен тыныстауға тура келеді. Мен жұмыс орынына аттестаттауды жүргізу ережесін білейін деп едім. Оны кім жүргізуі тиіс? Жұмыс орынын аттестаттау барысында қандай шамалар қаперге алынады? Мәселен, газбен бүлінгендік, тербелістер, жарықтың дәрежесі ескеріле ме? Концентраттың рұқсат етілген шекті мөлшері бойынша зияндылық қалай есептеледі? Әлде тек рұқсат етілген шекті мөлшерден асқанда ғана есепке алына ма? Аттестаттау жүргізілген кезде қызметкер қатыса ма? Және оның қорытындысымен бірден танысуға немесе ереже бойынша қорытындыны күтуге тиісті ме? Егер менің жұмыс орынымды қауіпсіз деп танығандығымен келіспесем және аттестаттауды қайтадан жүргізуді талап етсем бола ма?
www.azh.kz сайтынан
Жұмыс орындарын аттестаттау халықты әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі министрліктің 23.08.2007 жылғы №203-п «Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесі туралы» бұйрығының негізінде жүргізіледі,-дейді халықты әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі министрліктің облыстық департаментінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі заңдылықты сақтау бөлімінің бастығы Төлеген ТӨЛЕБАЕВ. «Осы Ереженің бірінші тарауында былай деп жазылған, өндірістік нысандарды аттестациялау былай болады:
1) қауіпсіздік және еңбек қорғау саласында қолданыстағы нормативтерге сәйкес ұйымның жұмыс орындарын аттестациялау;
2) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қолданыстағы нормативтерге сәйкес кешенді бағалау: еңбектің зияндылығы және еңбек қауіпсіздігі деңгейін бағалау;
жарақат қауіпсіздігі және ұжымдық қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету деңгейін бағалау; Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау жүргізіледі: 1) өз ұйымында өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды жүргізу жөніндегі, білікті кадрлары мен өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен тексеруден өткізілген тиісті өлшеу құралдары бар немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен ұзақ мерзімді шарттары бар дербес (тәуелсіз) ұйымдары бар жұмыс берушіде жүргізіледі.
Өндіріс нысандарын аттестатциялаудан өткізу үшін аттестатциялық комиссия құрылады. Оның құрамында төраға және мүшелері мен өндірістік нысандарды аттестатциялау құжаттарын жүргізуші және сақтаушы хатшысы болады. Мұндай тәртіп Ереженің екінші тарауында бекітілген. Аттестациялау комиссиясының құрамына ұйымның басшысы немесе оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары және келісімдері бойынша басқа да бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ, ұйым қызметкерлерінің өкілдері енеді. Үшінші тарау аттестациялауды жүргізу тәртібін реттейді. Еңбектің зияндылығы мен қауіптілігі жұмыс орынындағы қауіпті де зиянды өндірістік факторлармен (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) бағаланады. Зиянды да қауіпті өндірістік факторлардың деңгейі зертханалық және өлшегіш құралдар негізінде анықталады. Физикалық, химиялық және биологиялық факторларды зертханалық және өлшегіш құралдар арқылы анықтау технологиялық тәртіпке сәйкес жұмыс жағдайы мен өндірістік процестер бойынша орындалуы тиісті. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада болуы және жерасты көмір шахталарында болуымен байланысты жұмыс орындарында зертханалық және өлшегіш құралдар арқылы тексерулер жүргізілмейді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды өлшеу қарастырылған нормативті актілерге және санитарлық ережелер мен нормаларға, мемлекеттік стандарттар бойынша ғана жүзеге асырылады. Зертханалық және құрал-саймандық зерттеулер хаттамамен рәсімделеді. Зиянды да қауіпті өндірістік факторлар шамасына өлшеу жүргізу барысында мемлекеттік тексеруден өткен, белгіленген мерзімге сәйкес келетін өлшегіш құралдары қолданылуы тиіс. Еңбек жағдайын бағалау зиянды да қауіпті өндірістік факторлардың өлшенген шамаларына, яғни, олардың концентраттардың рұқсат етілген шекті мөлшеріне сәйкес негізде жүргізіледі. Осылайша, жұмысшы орынындағы еңбек жағдайының жиынтық бағалауы мынадай: 1) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - еңбек процесі мен өндірістік ортаның қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуы; 2) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар; 3) ұжымдық қорғану құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
Жұмыс орынында қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болмауы немесе олардың қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі, сондай-ақ, қызметкерлердің қамтамасыз етілуі және жарақат алуы бойынша талаптардың орындалуы барысында еңбек жағдайының қауіпсіздігі белгіленген талаптарға сәйкес деп есептеледі. Жұмыс орынында өндірістік факторлардың орын алуы нормадан асатын болса және жарақат алу бойынша талаптар сақталмаса, ал, қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі нормаға сәйкес келмесе, онда ондай жұмыс орынындағы еңбек жағдайы зиянды және қауіпті болып есептеледі. Аттестациялауды жүргізу кезінде қызметкердің қатысуы міндетті емес. Аттестация қорытындысымен қызметкер комиссия жұмысын аяқтаған соң таныса алады. Кәсіпорында санитарлық-гигиеналық төлқұжат болуы тиіс, сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бекіткен зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтындардың тізімі болуы керек. Бұл санаттағы қызметкерлерге қосымша азық, қосымша ақылы демалыс ұсынылады. Егер қызметкер жұмыс орынына жүргізілген аттестация қорытындысымен келіспесе, онда ол облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне хабарласа алады».