– Таяу күндері жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде «Кереңдік» деген белгіні көріп, оны беруден бас тартты. 10 жыл бұрын осындай жағдай орын алған еді. Бірақ ол кезде проблемаға адамша және түсіністікпен қараған болатын. Менің аудиограммамды қарап, менің саңырау емес, тек жиіліктер бойынша ғана ақауым бар екенін, тек жай дыбыстарды ғана естімей қалатынымды анықтаған еді. Осы диагноз бен толықтай кереңдіктің арасындағы айырмашылық үлкен. Менің 40 жылдық жүргізушілік өтілім бар. 20 жыл бойына автобус жүргіздім. Жыл өткен сайын сол жақ аяғым жүргізбей, қиындықпен қозғаламын. Көліксіз тіпті, зейнетақымды алу үшін поштаға немесе нан алу үшін дүкенге жете алмай қаламын. Көліксіз ешқайда шыға алмаймын. Осы жағдайды анықтап, немқұрайлы қарамасаңыздар екен деймін.
Телефон арқылы
Атырау облыстық ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ жауап берді: «Шынымен де, ІІД ЖПБ-ға жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін бекітілген құжаттар пакетін ұсынған азамат хабарласты. Тексеру жүргізу кезінде азаматтың есту қабілетінің толықтай жоқ екендігі, физикалық жағдайы мен жасына байланысты денсаулығында проблемалар бар екендігі анықталды.
«Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының «Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi» деп аталатын 16-бабына, 2010 жылғы 26 ақпандағы №90 ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес, автожолдарда қауіпті жағдайлардың туындауының алдын алу мақсатында, жол полициясының қызметкері көлік құралын басқару мүмкіндігін растау мақсатында азаматты қайталама тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жіберген».