Атырау, 6 қазан 11:36
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сүргі салуға құқы жоқ

2 046 просмотра

– Бұл сауал тауарларын сату мақсатында сауда алаңдарын жалға алып отырған коммерсанттар үшін барынша өзекті. Біздің қаланың кәсіпкерлерге бутиктерді жалға беретін кейбір сауда үйлерінде өздерінің ішкі ережелері бар. Бұл ережелерге сатушылар үшін міндетті болып табылатын бірыңғай форма (ақ жейде және қара белдемше немесе шалбар)  немесе сатушының аты-жөні жазылған бейджиктің болуы және жұмыс орынында уақытылы болу секілді ішкі тәртіптер мысал бола алады. Алайда, өкінішке қарай, осы белгіленген ішкі тәртіпті бұзғандардың әрқайсысы ақшалай айыппұлға тартылады. Айыппұл мөлшері 2 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін барады.

1) Осы ережелерді бұзған жағдайда айыппұл төлегенге дейін бутиктің есігіне сүргі салатын сауда үйі әкімішілігінің әрекеті қаншалықты заңды?

2) Сауда үйі әкімішілігінің тарапынан болған әрекеттің заңдылығы жағдайында айыппұлдың төленгендігін  (чек немесе басқа да құжаттар) дәлелдейтін қандай ма бір құжаттар берілуі тиіс пе?

 3) Осы әрекеттердің заңсыздығы жағдайында сауда үйі әкімішілігі заң алдында жауап беруі үшін қайда шағымданған жөн?

Телефон арқылы

Облыс кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА жауап береді:

- Мүліктік жалға беру мәселелерін реттеуші ҚР Азаматтық кодексі бойынша ішкі ережелерді сақтамағаны үшін жалға берушінің мүліктік жауапкершілігі (айыппұл) қарастырылмаған. Сонымен бірге жалға беру келісім-шарттарында тараптар ішкі тәртіп Ережесін жалға алушының бұзғаны үшін екі жақтың  да жауапкершілігін қарастыруға құқылы.

Жалға беруші бутик есігіне сүргі салуға, осылайша бизнес субьектісінің қызметін тоқтатуға құқылы емес. Кез-келген нысанның қызметін тоқтату тек соттың ғана шешімімен жүзеге асады. Айыппұлды төлеу касса арқылы немесе бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес есепшотқа төленуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпкердің күнделікті кездесіп отыратын кез-келген мәселесі бойынша кәсіпкерлікті дамыту орталығына мына телефондар бойынша хабарласқан жөн: 25-46-07, 30-62-25. Онда апта сайын кесте бойынша білікті мамандар кезекші болады: заңгер – дүйсенбі, сейсенбі  күндері, сейсенбіде - кедендік процестер бойынша; менеджмент сапалығының жүйесі бойынша- сәрсенбі күні; маркетинг бойынша – бейсенбі; ІТ бойынша – жұма күні. Осындай кеңес беру арқылы қолдау таныту «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуде.

25 тамыз 2011, 00:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.