Атырау, 20 сәуір 18:38
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Туған әкесінің келісімі керек

2 177 просмотра

– Мен жасы тоғызға келген әйелімнің бірінші некесіндегі  баланы өз атыма жаздыртып алғым келеді, бірақ, оған оның туған әкесі қарсы. Мен оның туған әкесінің келісімінсіз баланы өз атыма жаздыртып, асырап алуды рәсімдей алам ба? 

www.azh.kz сайтынан

Сауалға қалалық соттың судьясы Гүлсім ИЩАНОВА жауап береді. «Неке және отбасы туралы» заңның 82-бабына сәйкес, баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі міндетті түрде керек. Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменiң басшысы растаған не бала асырап алу жүргiзiлген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жерiндегi қорғаншы және қамқоршы орган бекiткен арызда көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн. Осы заңның 83-бабына сәйкес баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу, егер ата-аналарын:  1. сот белгiсiз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2.сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса;

3. сот ата-ана құқықтарынан айырса (осы Заңның 69-бабының 7-тармағындағы талаптар сақталған жағдайда);

4. баламен бiрге тұрмайтын және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келiсiмi талап етiлмейдi.

Бұл жағдайда туған әкесі баласының өміріне қатысады және ата-аналық құқығынан айырылмаған болса, баласын өгей әкесінің асырап алуына қарсы болса, онда ол мүмкін болмайды. Егер туған әкесі дәлелсіз себептермен алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе онда іс басқаша болады. Алайда, осы жағдайда да іс сотта шешіледі.

25 тамыз 2011, 00:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.