– Туысқаным Сағыздағы мектепте медбике боп жұмыс жасайды. Жұмыс өтілі 17 жыл болатын ол жақында жоғарғы санатқа ие болды. Медицина саласында емес, білім беру мекемесінде жұмыс жасап жатқанын желеуретіп, ол жасайтын мектепте оған жоғарғы санаты бойынша үстеме ақысын төлеуден бас тартып отыр. Басқа аудандарда, мәселен, бізде, санат үшін үстеме ақыны мектеп медбикелеріне төлейді.
Телефон арқылы
Облыстық білім беру басқармасының бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы Маржан БАЛАТАЕВАНЫҢ айтуынша, медицина қызметкеріне жоғарғы санаты бойынша үстеме ақысын төлеуден бас тартып, мектеп бухгалтериясы қателік жасап отыр. Облыстағы барлық медицина қызметкерлеріне осындай үстеме ақы төленеді. Ахуалды анықтау үшін мектептегі медицина қызметкері облыстық білім беру басқармасына хабарласа алады.