Атырау, 27 желтоқсан 02:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сәби тілі тез түзеледі

2 471 просмотра

– Сәбиім 2 жас 10 айда. Тілі шыққанымен, «р» әрпін айта алмайды. Сәби тәжірибелі логопедке неғұрлым ерте қаралса,  соғұрлым тіл кемістігін түзетуге болады деп естігенмін. Бізге маманға қарала беруге бола ма?

Телефон арқылы

- Толық үш жасқа толмаса, сәби кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды деп мазалануға әлі ерте. Оның үстіне «р» әрпі сәбилер үшін ең қиын айтылатын дыбыстардың бірі, - дейді облыстық біліктілікті жетілдіру және кадрларды қайта даярлау институтының коррекциялық педагогика әдіскері Тәжікен ШІЛДЕНОВА. - Балаларда тіл 2-4 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан сәбиіңіз әлі де кейбір дыбыстарды айқын әрі нақты дыбыстауға үйренуде. Бірнеше айдан кейін немесе бір жылдан кейін сәбиіңіз қиын дыбыстарды еш қиындықсыз және логопедпен сабақ жүргізу арқылы айтып, ата-анасын қуантуы мүмкін. Ал егер 5 жасқа келгенде бұл жағдай өзгермесе, логопед-маманға жүгіну керек. Дені сау, жақсы дамыған сәбидің тілі тез түзеледі. Егер аптасына үш рет маманмен жұмыс істесе, онда бірнеше айдан кейін мақсатқа жетуге болады. Неврологиялық аурулар, мәселен, психикалық дамудың кешеуілдеуі бұл процессті баяулатады.

1 қыркүйек 2011, 00:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.