Атырау, 26 сәуір 09:57
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Биыл үміт жоқ

2 277 просмотра

- Балықшы поселкесінен әріде орналасқан Ақжайық ауылындағы бес көше биыл жөнделеді делінген болатын. Осыдан кейін ауылдағы екі көшенің жолдарын жөндеу жұмысы басталып, ортасына келгенде тоқтап қалды. Қазір жартылай бітпеген күйі тұр. Қалалық әкімдік биыл салынады деген көшелердің жолы не себептен жөнделмей қалды? Жол төсеу жұмысы биыл біте ме?

Телефон арқылы

- Бізге былтыр Водников көшесінен жер берілген еді. Енді биыл онда газ, су құбыры жүргізіле ме?

Телефон арқылы

- Азаттық даңғылындағы №138 үй апатты жағдайда тұр. Бұл үй биыл көшірілуі мүмкін бе?

Телефон арқылы

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Ақжайық ауылындағы бес көшенің жолдарын жөндеу жұмысы жоспарда болғаны рас, алайда бұл бес көшенің жолдарын жөндеу жұмысын аяқтау 2012 жылы жүзеге асырылмақ. Демек, көшелерді жөндеу жұмыстары қаражатқа байланысты келесі жылдың бюджет жоспарында міндетті түрде қаралатын болды.    

Водников көшесіне қатысты қалалық әкімдіктен бұл көшеде биыл ештеңе жүргізілмейді, деген жауап келді. Ал Азаттық даңғылындағы №138 үй болса, апатты жағдайда емес, тозығы жеткен үйлердің жалпы тізімінде тіркеулі тұр. Биыл бұл үйді көшіру қарастырылмаған.

18 тамыз 2011, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.