Атырау, 27 желтоқсан 15:19
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Байланысқа жақында шығасыз!

– 2010 жылғы қарашада Водников поселкесінде телефондандыру жұмысы басталған болатын. Алдымен телефонды (интернет, кабельдік ТВ) 2011 жылдың қаңтарына дейін қосуға болады деген еді. Одан кейін бұл мерзім 2011 жылдың наурыз айына шегерілді, одан әрі сәуірге ұзартылды. Қысқасы, бізді телефонмен жабдықтау қандай себептерге байланысты кейінге қалдырылып отыр, соны білсек деймін. 18 тамыз 2011, 23:06 2 115 просмотра
Сұрақ-жауап

Медициналық комиссиядан өтуі қажет

- Осыдан үш жыл бұрын дәрігерлер ота арқылы денемде пайда болған жарықты (грыжа) алып тастаған болатын. Ол жарық қазір қайта шығып отыр. Дәрігерлер ота жасамаймыз, себебі, ол орнына қайтадан шығып кетеді, - дейді. Білейін дегенім, денемде пайда болған жарық ұлғайып, жүріп-тұруыма, жұмыс істеуіме қиындық туғызып отыр. Осыған байланысты маған мүгедектік туралы анықтама қағазы беріле ме? Дәрігерлер маған бір келіден артық салмақ көтеруге болмайды деген болатын.    18 тамыз 2011, 15:47 2 012 просмотра
Сұрақ-жауап

Қате төлем қайтарылады

– Мен жеке кәсіпкермін. Жақында мен қателесіп әлеуметтік төлемдер үшін ақшаны төлемақы өсімінің есепшотына  аударып жіберппін. Және ол біраз ірі сома болатын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында маған ақшаны жеке есепшотқа қайтарып алуға мүмкіндік беретін бланк берді. Ақшаны жай ғана бір есепшоттан (төлемақы өсімі) әлеуметтік төлемдер үшін менің негізгі есепшотыма  аудара салуға болмай ма? Егер болмаса, ешқандай да жеке есепшот ашпастан-ақ,  тек алушыға қайтаруды рәсімдеуге бола ма? 18 тамыз 2011, 23:09 2 618 просмотра
Сұрақ-жауап

Шатақтан аулақ жүрсең, шартты мерзімге ілінесің

- 25 жылға бас бостандығынан айырылған және жазасын  қатаң режимді колонияда өтеуге сотталған адам ұстау талаптарын өзгерту туралы өтінішті неше жылдан соң бере алады (колония-қоныстану немесе шартты-мерзімді босату) және оның қандай тәртіптері бар? 18 тамыз 2011, 22:57 2 087 просмотра
Сұрақ-жауап

Отбасылық жағдайыңды да анықтайды

- Мен биыл үй кезегіне тұру үшін бюджет қызметкері ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне арыз беруге бардым.. Маған ондағылар нотариустан отбасылық жағдайым туралы анықтама талап етті. Ал нотариустағылар  анықтаманың ақылы 1000 теңге тұратыны айтты.  Бұл  құжаттарды АХАЖ беруі тиіс емес пе? 18 тамыз 2011, 16:31 2 430 просмотра
Сұрақ-жауап

Аурудың шипасы - Алладан

 - Бейіт басынан алынған топырақты үйде сырқаттанып қалған біреу болса, емдеуге пайдаға асар деген ниетпен ұзақ сақтаған қаншалықты дұрыс? Жалпы, ертеректе емшілік қасиеті бар кісінің бейітінен топырақ алып, тіл-көз тиген сәбиге ырымдап ем-дом жасағанда, бала ауруынан жазылып, аяққа тұрған деседі. Жақында да бір танысым солай істеп, қатты қызулап жатқан немересін аман алып қалды. Өзімді де ертеректе әжем күн батар алдында жерге етпетімнен үш рет жатқызып, «жер ұшынды, мен ұшынған жоқпын» деп айтқызып, қызуымды түсірді. Жалпы, ырымға сенбеу керек екенін білемін. Бірақ, қызу лезде түскені қалай деп ойланамын. Жалпы, бейіт басынан топырақ алуға бола ма? Оның қандай емдік қасиеті бар екен? 18 тамыз 2011, 16:03 4 568 просмотра
Сұрақ-жауап

Адасқан акциялар

– 1993 жылы мен  АМӨЗ-ның ерекше басымды болып саналатын  44 үлгідегі 2 формалы акцияларын алдым. Содан бері қарай олар менде жатыр. Кейін мен сол акциялардан дивидендтер алуға құқылы екендігімді білдім. АМӨЗ заңгеріне жолыққанымда, ол 2003 жылдан бастап зауыттың дивиденттерді төлеуді тоқтатқандығын хабарлады. Бірақ... 18 тамыз 2011, 23:02 2 087 просмотра
Сұрақ-жауап

Құлмановтағы үй күрелмек

– Құлманов көшесіндегі №139 үй (екі қабатты жатақхана) күреле ме? Бұрын бұл көшеде сегіз жатақхана болған еді, олардың жетеуі күреліп тасталды, тек біз тұратын үй ғана қалды. Үйлерді бұзып тастаған кезде салқын су желісі  кесіліп тасталған еді. 18 тамыз 2011, 23:14 1 957 просмотра
Сұрақ-жауап

Ономастикалық олқылық

– Атырау обаға қарсы стансасы орналасқан көшенің атауы бүкіл әлемге танымал микробиолог және эпидемиолог  Даниил Кириллович ЗАБОЛОТНЫЙ есімімен аталады. Алайда, көбіне кіріс хат-хабарларда «Заболотная көшесі» болып көрсетіледі. Хат-хабар жолдаушылардан көше атауын дұрыс жазуды сұрағымыз келеді. 11 тамыз 2011, 20:17 2 199 просмотра
…Тағы да арнадан радио сөйлеп тұр Сұрақ-жауап

…Тағы да арнадан радио сөйлеп тұр

– Менің үйімде кәдімгі көше антенасы. Міне, бір айға жақындады «Еуроазия» арнасын көру мүмкін емес. Үнемі бір кедергілер шығып жатады, әуен ойналады, әлдебір диджейлердің әңгімелері естіліп жатады. Неліктен ондай жағдай орын алып отыр?  11 тамыз 2011, 20:20 2 161 просмотра
Сұрақ-жауап

«Нұр-нама» тексеруден өткен жоқ

– Жақында мен «Нұр-нама» кітабын сатып алдым, ол кітапта бақытқа жетудің жолдары туралы айтылып, бұрын мен ешқашан естіп көрмеген арнаулы дұғалар келтіріледі. Оларды оқуға бола ма?  Және тағы да білейін дегенім, діни әдебиеттерді қалай дұрыс пайдаға асыруға болады? 11 тамыз 2011, 20:24 15 955 просмотра
Сұрақ-жауап

Жәрдемақы жалақы есебінен болады

– Мен жеке кәсіпкермін. Базарда сауда жасаймын, тоқсан сайын салық есебін тапсырамын. Жақында үшінші баламды босандым. Енді маған бала туғаныма және бала күтіміне байланысты қандай төлемдер тиесілі екендігін білсем деп едім. 11 тамыз 2011, 20:23 1 932 просмотра
Сұрақ-жауап

Жолаушыларды жолдан қалдырған маршрут

- Мен Водников поселкесінде тұрамын. Біз қалаға тек №5 маршрутпен ғана жете аламыз. Қазір маршруткалар 30-40 минуттық интервалды сақтап, өте сирек жүреді. Оның үстіне Құрсайдан кісіні толтырып алып, біздің аялдамамызға тіпті, тоқтамай да кетеді. Басқасын күтуге тура келеді. Бұл мәселені шешу үшін кімге жолығуымыз керек? 11 тамыз 2011, 20:26 2 082 просмотра
Сұрақ-жауап

Есеппен ажырасу

– Әйелім айқай шығарып, баламды алып, шешесінің үйіне кетіп қалды. Ол алимент алу үшін шағымданған, сот болса мән-жайдың анық-қанығына жетпестен, оның талабын қанағаттандырды. Міне, екі ай болды әйелім баламды менен жасырып, екеуміздің кездесуімізге кедергі келтіріп  келеді.  Мен алиментімді адал төлеп отырмын. Бірде... 11 тамыз 2011, 20:28 3 304 просмотра
Сұрақ-жауап

Бізде бұл пюре сатылмайды

– Мен электронды пошта арқылы бірнеше достарымнан мынадай хабарлама алдым: «Шұғыл түрде! Барлық ата-аналардың назарына! «Nestle» компаниясы жарамдылық мерзімі 2012 жылға дейінгі барлық «BANANA» балалар тағамының құтысын қайтаруды сұрайды. Ондағы балалар тағамының құрамында әйнек бар көрінеді! Қауіпті балалар тағамының штрих-коды 761303308973». Осы хабардың қаншалықты нақты екендігін білгіміз келеді? Әлде бұл әлдекімдердің мазағы ма? 11 тамыз 2011, 20:27 2 085 просмотра
Сұрақ-жауап

Емдемейді, ескертеді

– Жақында №2 емханадан учаскелік терапевт-дәрігер қоңырау шалып, маған баламыз екеумізге жүрек-қан тамырлары сырқаты бойынша әлдебір скринигтік тексерілуге келуімізді өтінді. Жасым 50-ге келіп қалған менің шақырылуым орынды болғанымен 18-ге жаңа ғана толған баламның жүрегін тексерудің не қажеттілігі бар? 4 тамыз 2011, 23:09 2 247 просмотра
Тұрғындар жиналысында бекітіледі Сұрақ-жауап

Тұрғындар жиналысында бекітіледі

– Таяу күндердің бірінде бізге үйімізге қызмет көрсетуші «Кенже» ПИК-нің пайдалану шығындарының тарифін өсіргендігі жөнінде хабарлама келді. Білейін дегенім, ПИК біржақты тәртіп бойынша тарифті көтере алама? 4 тамыз 2011, 23:04 2 205 просмотра
Сұрақ-жауап

Гранттар республика бойынша таратылады

– Биылғы жылы мен педагогикалық колледжді  бітірдім.  Мектептер және оқу орталықтары колледж түлектерін біліктілігі жоқтығынан жұмысқа алмайды. Біздер ең болмағанда бастауыш сыныптарда да жұмыс істей алмаймыз ба? Келесі жылы жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне түсуді жоспарлап отырмын, биыл кешігіп қалған сияқтымын. Жыл сайын біздің университетке «Аударма ісі» және «Ағылшын тілінің мұғалімі» мамандықтары бойынша қанша гранттар бөлінеді және құжаттарды қабылдау қашан жүргізіледі? 28 шілде 2011, 22:09 5 124 просмотра
Көне куәлікті қайта ауыстырған жөн   Сұрақ-жауап

Көне куәлікті қайта ауыстырған жөн

- Немеремді тұрып жатқан мекен-жайыма тіркеу барысында кедергілерге ұшырап отырмын. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар ескі жазулары  көрінбейтіндіктен куәлікті ауыстыру керек деп отыр. Ал АХАЖ бөліміндегілер менен куәлікті ауыстыру үшін 1500 теңге сұрайды. Олардың ақша сұрауы дұрыс па? 28 шілде 2011, 22:13 2 683 просмотра
Сұрақ-жауап

Іссапар шығыны өтелуге міндетті

– Мен мемлекеттік мекемеде жұмыс істеймін. 2010 жылы қазан мен қарашада бес мәрте өз есебіммен қызметтік іссапарға шығып келген едім. Содан бері қарай маған іссапар шығындары төленген жоқ. Бас есепші 2010 жылдың 31 желтоқсанында жылдық есепті жапқанын айтып, маған ақшаны қайтаруға мүмкіндік жоқ екендігін түсіндірді. Не істеуге болады? 28 шілде 2011, 22:29 3 290 просмотра
Сұрақ-жауап

«Жою» операциясы

– Грибоедов көшесінің қиылысында  және Кирпичный өткелінің асфальтты жолының астындағы ескі су құбырынан су кетіп, өткен жылы ғана төселген асфальттің беті көтеріліп, жарамсыз болып қалуда. Бір айға жақын уақыт өтсе де бұл мәселеге қатысты бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. 28 шілде 2011, 22:31 2 334 просмотра