Атырау, 28 желтоқсан 07:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Емдемейді, ескертеді

2 247 просмотра

– Жақында №2 емханадан учаскелік терапевт-дәрігер қоңырау шалып, маған баламыз екеумізге жүрек-қан тамырлары сырқаты бойынша әлдебір скринигтік тексерілуге келуімізді өтінді. Жасым 50-ге келіп қалған менің шақырылуым орынды болғанымен 18-ге жаңа ғана толған баламның жүрегін тексерудің не қажеттілігі бар? 

Телефон арқылы

– Скринингтік тексеру аурудың бастапқы кезеңін  дер уақытында анықтауға, әрі ауруды асқындырмауға және  жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік береді. Биылғы жылы жүрек-қан тамырлары сырқатын анықтау бойынша скринингтек тексеруден  18, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жасқа толған барлық қазақстандықтар «артериялық гипертония», «жүректің ишемиялық ауруы» сынды қан айналымы жүйесінің қауіпті ауруларына қатысты тексерілетін болады. Ал 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы азаматтар қант диабетін ерте анықтау мақсатында тексеруден өткізіледі. 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер «жатыр мойыны ауруларын ерте анықтау скринингі» аясында, ал, 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер «сүт безі ауруларын ерте анықтау скринингі» аясында тексерілуі үшін гинекология кабинетіне бағытталады. Сау ұлтты, мықты ұрпақты қалыптастыру мақсатында жаңа жылда жүктілігі 10 аптадан асқан аяғы ауыр әйелдер арасында «ұрық дамуының туа біткен ауытқуларын және генетикалық ауруларды анықтаудағы перинаталдық тексеру» жүргізіледі. Бұған қоса, 2011 жылдан бастап, 1 жасқа дейінгі, 1 жастан 14 жасқа дейінгі, 15-18 жастағы балалар арасында жан-жақты профилактикалық тексеріп отыру жолға қойылады. Бұл тексерулер тегін жүргізіледі. Осыған байланысты біз біздің емханаға бекітілген тұрғындарды дәрігерлік тексеруден өту керектігі жөнінде хабардар еттік, - деді №2 қалалық емхананың психолог дәрігері Назгүл ЕСМҰХАНОВА. 

4 тамыз 2011, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.