Атырау, 24 сәуір 16:20
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Адасқан акциялар

1 914 просмотра

– 1993 жылы мен  АМӨЗ-ның ерекше басымды болып саналатын  44 үлгідегі 2 формалы акцияларын алдым. Содан бері қарай олар менде жатыр. Кейін мен сол акциялардан дивидендтер алуға құқылы екендігімді білдім. АМӨЗ заңгеріне жолыққанымда, ол 2003 жылдан бастап зауыттың дивиденттерді төлеуді тоқтатқандығын хабарлады. Бірақ, 10 жыл ішінде (1993 жылдан 2003 жылға дейін) мағана, қалай болғанда да төлеуге тиісті екендігін және зауыттың есеп бөліміне баруыма кеңес берді. Есеп бөлімінде маған дивиденттердің біздерге төленгендігін айтты.  Бірақ мен оларды не заттай, не ақшалай, не болмаса тауар түрінде болсын алғаным жоқ. Мен есепшіден 10 жыл ішінде ақша немесе азық-түлік алғандығым туралы құжаттарды көрсетуін өтіндім. Ол маған әрбір 5 жыл сайын мұрағатты өртеп жіберетіндігін айтты. Мұны қалай түсінуге болады? Бұл жағдайды шешуге көмектессеңіздер екен?

Г. Есқалиева

Сауалға «АМӨЗ» ЖШС  бас инженері Денис КОЗЫРЕВ жауап береді: «Г. Есқалиева шын мәнінде 1993 жылдан бастап «АМӨЗ» ААҚ-ның екі акциясының иеленушісі болып табылады. Оның акциялары айрықша басымды акциялар емес жай акциялар. Жай акциялар бойынша дивиденттерді есептеу 1998 жылы тоқтатылды. Ал, айрықша акциялар бойынша төлеу 2004 жылы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша тоқтатылды.

Осылайша, азаматша Есқалиеваның зауыт 1993-2003 жылдар кезеңі үшін дивиденттерді төлеуге міндетті деген дәлелдері негізсіз болып табылады. Сондай-ақ, 1993 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде оған есептелген дивидент сомасы 2 238,50 теңгені құрады. Және ол толығымен төленген, бұл бухгалтерлік есеп мәліметтерімен расталады.

Сол өткен жылдар ішінде Г.Есқалиева зауытқа не ауызша, не жазбаша түрде хабарласқан жоқ. Соған байланысты  «АМӨЗ» ЖШС орын алған жағдайды шешу үшін жеке өзінің аяқтай келуі керек деп есептейміз».

18 тамыз 2011, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.