Атырау, 22 желтоқсан 11:24
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ономастикалық олқылық

2 198 просмотра

– Атырау обаға қарсы стансасы орналасқан көшенің атауы бүкіл әлемге танымал микробиолог және эпидемиолог  Даниил Кириллович ЗАБОЛОТНЫЙ есімімен аталады. Алайда, көбіне кіріс хат-хабарларда «Заболотная көшесі» болып көрсетіледі. Хат-хабар жолдаушылардан көше атауын дұрыс жазуды сұрағымыз келеді.

Атырау обаға қарсы станса қызметкерлері.

2011 жылдың 12-ші мамырынан бастап бұл көше академик Заболотныйдың есімімен аталмайды. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, қалалық мәслихаттың №277 «Кейбір көшелер мен өткелдер, тұйық көшелердің және даңғылдарға қайта атау беру жөніндегі» шешімімен бұл көше Керей ханның құрметіне орай Керей хан көшесі болып қайтадан өзгертілген екен.

Егер обаға қарсы станса қызметкерлері қала көшелерінің біріне академик Заболотныйдың есімі берілгенін қаласа, онда оларға осыған сәйкес арызбен ономастикалық комиссияға жолығуға болады. Бұл адамның есімін стансаға жақын орналасқан көшенің біріне беруге болады, бұл көшенің әлі күнге ресми атауы жоқ. «АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:

Керей-хан(туған жылы мен қайтыс болған күні белгісіз)   қазақтың бірінші ханы, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі және хандықты шамамен 1465-1474 жылдар аралығында басқарды.

Даниил Кириллович Заболотный – академик, бүкіл әлемге танымал микробиолог және эпидемиолог (1866 – 1929). Ганюшкино обаға қарсы зертханасын ұйымдастырушылардың бірі (1924 жыл), ал, 1939 жылы ол мекеме Гурьев (қазір Атырау) базасы болып қайта құрылды.

11 тамыз 2011, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.