Атырау, 31 қазан 12:53
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Байланысқа жақында шығасыз!

2 095 просмотра

– 2010 жылғы қарашада Водников поселкесінде телефондандыру жұмысы басталған болатын. Алдымен телефонды (интернет, кабельдік ТВ) 2011 жылдың қаңтарына дейін қосуға болады деген еді. Одан кейін бұл мерзім 2011 жылдың наурыз айына шегерілді, одан әрі сәуірге ұзартылды. Қысқасы, бізді телефонмен жабдықтау қандай себептерге байланысты кейінге қалдырылып отыр, соны білсек деймін.

www.azh.kz сайтынан

Сауалға Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы бас директорының орынбасары, техникалық директор Нұрлан МАКУЛОВ жауап береді:  «Бүгінгі күні Құрсай және Водников поселкелерінде Атырау ОТД «GPON технологиясы бойынша желі құрылысының» жобасы аясында жаңа оптикалық-талшықты  байланыс желісінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дәл қазіргі уақытта Құрсай поселкесінде телефондарды орнату және қосу жұмыстары жүріп жатыр. Осы учаскедегі жұмыс аяқталғаннан соң кесте бойынша, Водников поселкесін қосу жұмыстары жүзеге асырылады. Жұмыстың нақты аяқталу мерзімі – 2011 жылдың тамыз айы. Оқырман көрсеткен оның мекен-жайы аталмыш жобаға кіреді және міндетті түрде жеке бақылауға алынатын болады. Кәсіпорын тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністік танытуды сұраймыз».

18 тамыз 2011, 23:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.