Атырау, 28 желтоқсан 07:30
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қате төлем қайтарылады

2 619 просмотра

– Мен жеке кәсіпкермін. Жақында мен қателесіп әлеуметтік төлемдер үшін ақшаны төлемақы өсімінің есепшотына  аударып жіберппін. Және ол біраз ірі сома болатын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында маған ақшаны жеке есепшотқа қайтарып алуға мүмкіндік беретін бланк берді. Ақшаны жай ғана бір есепшоттан (төлемақы өсімі) әлеуметтік төлемдер үшін менің негізгі есепшотыма  аудара салуға болмай ма? Егер болмаса, ешқандай да жеке есепшот ашпастан-ақ,  тек алушыға қайтаруды рәсімдеуге бола ма?

Сергей

Сауалға Мемлекеттік зейнетақы төлеу оралығы Атырау филиалының директоры Қапура ХАЙРУЛЛИНА жауап береді:

– Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы электронды форматқа төлем тапсырмаларына қандай да бір түзетулер енгізуге өкілетті емес. Төлем тапсырмаларында төлем төлеуші немесе оған қызмет көрсететін банк реквизиттері дұрыс толтырылмаған жағдайда қате аударылған соманы міндетті түрде қайтарып алуды рәсімдеу керек және барлық соманы дұрыс реквизиттерімен қайтадан аударуы тиіс.  Қате аударылған міндетті әлеуметтік төлемдерді  немесе төлем өсімдерін кері қайтарып алу ҚР 2004 жылғы 21 маусымдағы «Әлеуметтік төлемдерді аудару және төлеу Ережелерін бекіту туралы» үкімет қаулысына сәйкес, бекітілген үлгідегі арыз бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының құрылымдық бөлімшелері (аудандық/қалалық) арқылы жүзеге асырылады.

18 тамыз 2011, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.