Атырау, 10 қазан 15:20
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Гранттар республика бойынша таратылады

5 084 просмотра

– Биылғы жылы мен педагогикалық колледжді  бітірдім.  Мектептер және оқу орталықтары колледж түлектерін біліктілігі жоқтығынан жұмысқа алмайды. Біздер ең болмағанда бастауыш сыныптарда да жұмыс істей алмаймыз ба? Келесі жылы жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне түсуді жоспарлап отырмын, биыл кешігіп қалған сияқтымын. Жыл сайын біздің университетке «Аударма ісі» және «Ағылшын тілінің мұғалімі» мамандықтары бойынша қанша гранттар бөлінеді және құжаттарды қабылдау қашан жүргізіледі?

Телефон арқылы

«Ғылым және білім беру министрлігінің 2008 жылғы 12-ші ақпандағы №61 «Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың типтік біліктілік лауазымдарын бекіту туралы» бұйрығының «Біліктілік талаптары» тарауында айтылғандай, барлық мамандық мұғалімдерінің жоғары педагогикалық білімдері болуы тиіс. 2009 жылы 20-шы наурыздағы №128 бұйрықпен бұған өзгерістер енгізілді: бастауыш білім беру мұғалімдері үшін жоғары педагогикалық білімі немесе кәсіптік-техникалық білімі болуы міндетті делінген еді. Осылайша, дипломдарында «мұғалім» мамандығы көрсетілген педагогикалық колледждердің түлектері  бастауыш сыныптарда жұмыс істеуге құқылы. Егер колледж түлегі «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқуды бітірген болса, онда ол аудармашы болып есептеледі де мектепке жұмыс істеуге құқылы болмайды. Бәлкім, сауал берушінің жұмысқа орналаса алмау себебі осымен байланысты болар»,-деп хабарлады облыстық білім беру басқармасы бастығынынң орынбасары Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының міндетін атқарушы Софья САҒЫНДЫҚОВАНЫҢайтуынша, орта-техникалық оқу мекемелерінің түлектері және өткен жылдардың түлектері тегін білім грантын алуға үміткерлер құжаттарын 9-шы шілдеге дейін тапсырып болуы керек еді және тестілеу 19-шы шілдеде өтті. Емтиханды  342 абитуриент тапсырды, олардың 55% өту баллын тапсыра алды. Енді олар грант алу конкурсына қатысу құқығына ие болды. Бұдан басқа, 25 тамызға дейін ақылы негізде оқу үшін құжаттар тапсыруға болады. Бірнеше жыл болды, гранттар әрбір жоғары оқу орнына жеке-жеке емес,  нақты бір мамандықтарға бөлінеді. Кейін әрбір жоғары оқу орны осы жоғары оқу орынында оқуға ниет білдіргендер мен олардың жинаған баллдарын және абитуриенттердің санын ескере отырып, грант алу үшін тапсырыс береді. Білім министрлігінің арнаулы комиссиясы берілген тапсырыстарды  және қандай көлемде қанағаттандыруға болады соны шешеді. Мәселен, білім министрлігі бұйрығының №1 жалғамасында «2011/2012 жылдарға жоғары білімді мамандар дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысы күндізгі оқыту формасы бойынша» «шет тілі» (ағылшын) мамандығына бүкіл республикаға 710 грант бөлініп отыр, оның бізге қаншасының тиетіндігі белгісіз.

28 шілде 2011, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.