Атырау, 22 желтоқсан 10:56
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жәрдемақы жалақы есебінен болады

1 931 просмотра

– Мен жеке кәсіпкермін. Базарда сауда жасаймын, тоқсан сайын салық есебін тапсырамын. Жақында үшінші баламды босандым. Енді маған бала туғаныма және бала күтіміне байланысты қандай төлемдер тиесілі екендігін білсем деп едім.

Зинаида

Сауалға «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК Атырау филиалы бастығының орынбасары Алмагүл ШАТЕНОВА түсінік берді. «Оқырманымыз бала тууына байланысты 30 АЕК көлемінде (42 390 теңге) бір рет берілетін жәрдемақы алуға құқылы. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге табыстары әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатындықтан жүктілігі және бала тууына байланысты төлемақылыр төленеді. Төлемақы алушының соңғы 12 айдағы орташа еңбекақысымен есептеледі. Оны кейін 4,2 коэфицентке көбейтеді. Бала бір жасқа келгенше бала күтуіне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақы соңғы 24 айдағы әйелдің орташа еңбекақысының 40 пайызын құрайды. Бірақ оған шектеу қойылады. Жәрдемақы көлемі «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленгендей 10 еселік мөлшердегі ең кіші еңбекақыдан, яғни, 40 пайыздан  аспауы тиіс. Жәрдемақының ең төменгі шегі мемлекет белгілеген ең кіші көлемнен төмен болмауы керек. Биылғы жылы оның көлемі бір балаға 11 340 теңге деп білгіленген.

11 тамыз 2011, 20:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.