Атырау, 11 желтоқсан 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Аурудың шипасы - Алладан

4 559 просмотра

 - Бейіт басынан алынған топырақты үйде сырқаттанып қалған біреу болса, емдеуге пайдаға асар деген ниетпен ұзақ сақтаған қаншалықты дұрыс? Жалпы, ертеректе емшілік қасиеті бар кісінің бейітінен топырақ алып, тіл-көз тиген сәбиге ырымдап ем-дом жасағанда, бала ауруынан жазылып, аяққа тұрған деседі. Жақында да бір танысым солай істеп, қатты қызулап жатқан немересін аман алып қалды. Өзімді де ертеректе әжем күн батар алдында жерге етпетімнен үш рет жатқызып, «жер ұшынды, мен ұшынған жоқпын» деп айтқызып, қызуымды түсірді. Жалпы, ырымға сенбеу керек екенін білемін. Бірақ, қызу лезде түскені қалай деп ойланамын. Жалпы, бейіт басынан топырақ алуға бола ма? Оның қандай емдік қасиеті бар екен?

Ақнұр Сейдешова

Бұл сауалды біз «Иманғали» мешітінің наиб имамы Еркебұлан ҚАРАҚҰЛОВҚА жолдадық. Ол былай дейді:

- Бейіт басынан топырақ алып, оны емдік үшін пайдалану ислам дінінде жоқ нәрсе. Мұсылман адам емделу үшін ең алдымен медициналық көмекке жүгінгені абзал. Бұған қосымша қара тминді пайдалануға болады. Себебі ол өлімнен басқа барлық дертке шипа деп Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып өткен. Тіл-көз тигендер үшін өзінің арнайы оқытылатын дұғалары бар. Мысалы, «Фәләк», «Нас» сүрелері. Міне, осыларды оқу керек. Ең бастысы, бұлардың барлығы себеп, ал шипа Алладан екенін ұмытпағанымыз абзал.

18 тамыз 2011, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.