Атырау, 27 желтоқсан 07:33
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бізде бұл пюре сатылмайды

2 083 просмотра

– Мен электронды пошта арқылы бірнеше достарымнан мынадай хабарлама алдым: «Шұғыл түрде! Барлық ата-аналардың назарына! «Nestle» компаниясы жарамдылық мерзімі 2012 жылға дейінгі барлық «BANANA» балалар тағамының құтысын қайтаруды сұрайды. Ондағы балалар тағамының құрамында әйнек бар көрінеді! Қауіпті балалар тағамының штрих-коды 761303308973». Осы хабардың қаншалықты нақты екендігін білгіміз келеді? Әлде бұл әлдекімдердің мазағы ма?

Телефон арқылы

Біз «Нестле» компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бөлімінен түсінік алу үшін хабарластық. Олар мынадай түсінік берді: 

Шынында да Франциядағы Нестле кеңсесі сақтандыру шаралары ретінде Nestle P’tit Pot бананды балалар пюресінің нақты бір партиясын тұтынушының бірінің құтының ішінен әйнек тауып алуынан кейін ерікті түрде кері тапсыру туралы хабарлама таратқан. Ол партия тек Францияда ғана сатылады. Басқа елдерге өнім партиясы жіберілмеген. Біздің базарларда бұл балалар тағамы сатылмайды. Сол себепті оған алаңдаудың қажеттілігі жоқ.

11 тамыз 2011, 20:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.