Атырау, 27 желтоқсан 17:40
 ашықВ Атырау -4
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Металл көлікжайларға қалада орын жоқ Сұрақ-жауап

Металл көлікжайларға қалада орын жоқ

- Менің «Заман-нан» зауыты маңында, яғни, Авангардтағы 2-ші мөлтек ауданда орналасқан  металл көлікжайым бар. Жақында маған осы көлікжайымды белгілі бір мерзім ішінде алып тастау жөнінде хабарлама келді. Оны мен сонда қайда апаруым керек және ол кімнің есебінен жүргізіледі? 12 қазан 2011, 18:45 2 067 просмотра
Сұрақ-жауап

Маршрут бұрынғы бағытқа көшті

– №3 автобус маршрутын неге өзгерткен? Қазір автобус  Атырау мөлтек ауданына Молдағұлова көшесі бойымен «Арарат» кафесі маңымен өтіп, Жайық бағытына қарай барады. №31 мектеп пен салынып жатқан балабақша маңымен өтетін бұрынғы маршрутты қайтадан беруге бола ма? 12 қазан 2011, 18:46 1 800 просмотра
Сұрақ-жауап

Әр аулада камера тұрмақ

- Момышұлы көшесіндегі («Светланаға» қарсы, бұрынғы Серго көшесі) аулаларға сыртқы бейнебақылау камералары орнатыла ма? Камералардың орнатылуын талап етуімізге біріншіден, автокөліктеріміздің ұрлануы және көлік салондарындағы заттардың ұрлануы, екіншіден, жақын маңға орналасқан мейрамханаға келушілердің  төбелесі мен айқай-шуы себеп болып отыр. Бұған қатысты біздер бірнеше рет полицияға шағымдандық. 12 қазан 2011, 18:47 2 043 просмотра
Сұрақ-жауап

Фельдшерге де үстемақы тиесілі

- Мен орта буын медицина қызметкермін. Біз де медбикелермен бірдей уақыт жұмыс істейміз. Жалақымыздың қалай есептелетінін білгім келеді. Фельдшер мен лаборанттардың жалақысы медбикелер жалақысымен бірдей төлене ме? Мәселен, учаскелік медбикелер тоқсан сайын 40-50 мың теңгедей ақша алады. Ал денсаулық сақтау мекемелерінің кабинеттерінде отырып жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерлеріне қандай да бір қосымша үстемақы тиесілі ме? 6 қазан 2011, 11:51 3 182 просмотра
Сұрақ-жауап

Маршруттар мәселесі майшаммен қаралады

- Мені маршруттар жүрісі мазалайды. Жолаушыларды мезі еткен оқиғалар көп. Соның ішінде нақты бір фактіні келтірейін. Жақында №14 автобустар бір-бірімен жарысып, салондағы халықтың қауіпсіздігін ойлаған жоқ. Мен автобустың нөмірін жазып алдым: Е 031 ВР. Жүргізушінің тегі - Ихсанов. «Батыс-Транспорт СИМ» ЖШС-не хабарласып едім, мекеме директорының орынбасары Құсайынов мәселені қараймыз деді. 6 қазан 2011, 11:57 2 995 просмотра
Сұрақ-жауап

Зейнетақым дұрыс есептелген бе?

- Мен 1944 жылдан 1988 жылға дейін  колхозда мал бақтым.  Кейін  мал шаруашылығындағы еңбегім үшін  45 жылдық  еңбек өтіліммен зейнеткерлікке шықтым.  Жалақым ол кезде 352, 35 сом. Маған  тағайындалған 14 646 теңге  зейнетақымды дұрыс есептелмеген деп санаймын. Оны қалай анықтауыма болады? Өтінемін. 6 қазан 2011, 11:57 2 224 просмотра
Сұрақ-жауап

Алимент төленуге тиіс

– Үлкен ұлым жуырда 18 жасқа толады. Әкесімен екеуміз ажырасқанбыз, ол алимент төлейді. Мұндай жағдайда оқу аяқталғанша бұрынғы жұбайымның тарапынан әрі қарай да алимент алуға болады деп естідім. Ол үшін қайда хабарласу керек және қандай құжаттар ұсыну қажет? 6 қазан 2011, 20:58 3 959 просмотра
Сұрақ-жауап

Асфальтты биыл күтіңіз

– Біздің Атырау ықшамауданындағы бүкіл көше асфальтталды. Бірақ біздің Шманов көшесі қалып қойды. Бұл - асфальтталған көшелердің маңында 100 метрдей қашықтықта орналасқан бірнеше үйлер. Осы учаскені әлі дұрыстай алмай келеді. Біз облыс пен қала әкімінің блогтарына әлденеше рет жаздық. Жергілікті билік бізге біресе биылғы жылдың жоспарына енгіздік, біресе келер жылы енгіземіз деп жауап береді. 6 қазан 2011, 20:56 2 007 просмотра
Сұрақ-жауап

Көктем күзден қорқады

–  3 жыл бұрын Мен Көктем ықшам ауданынан үй салған едім. Бюджет қаржысына газ жүргізіліп, жарық берілді. Су құбырын жүргізген болатын, бірақ әзірге су жүрген жоқ. Сондай-ақ, асфальт жоқ. Балалар Ақсай поселкесіндегі мектепке жаяу барады. Кешікпей лайсаң батпақ басталады ғой. Біздің ықшам ауданға өркениеттің бүкіл игілігі қашан келер екен? 6 қазан 2011, 20:55 1 801 просмотра
Сұрақ-жауап

Бұл аурухана емес - мектеп

– Неліктен облыстық балаларды оңалту орталығы жазғы уақытта жұмыс жасамайды? Біресе оларда жөндеу жұмыстары жүріп жатады, біресе бүкіл қызметкерлер демалыста дейді. Ата-аналарға балаларын орталыққа жазда апарған қолайлырақ. Олардың көпшілігі демалысқа шығады, әрі ауа-райы да жақсы болады. Жаңбыр болмағасын балаларды қымтап-ораудың да қажеті болмайды. 6 қазан 2011, 20:49 2 164 просмотра
Сұрақ-жауап

Салық төленбейді

– Біз ресейлік серіктестерімізбен жұмыс жасай бастадық. Олардан Қазақстанға өткізу үшін тауарлар сатып аламыз, ал олар бізге рубльмен шот-фактураларын жібереді. Біздің бухгалтеріміз компания резидент болмағаны үшін 20 пайыз салық төлеуі тиіс дейді. Бірақ осы фирмамен 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Қазақстанның басқа қалаларындағы таныстарым мұндай салықты төлемейді. Резидент болмағаны үшін салық төлеуім керек пе? 6 қазан 2011, 20:54 1 910 просмотра
Сұрақ-жауап

Жол жөндеуге желілер кедергі

– Биыл жол қызметкерлері «Атырау-Жарық» АҚ-ның электр тарату магистральды желілері бар болғандықтан, Доссорский өткелін асфальттаудан бас тартты. Ақ депо массивіндегі басқа көшелер абаттандырылды. Көрші көшелердегі жол деңгейлері жоғары болғандықтан, бүкіл жаңбыр суы бізге қарай ағады. Электр тарату желілерінің тірегін айналып өтіп, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге бола ма? 6 қазан 2011, 20:53 1 746 просмотра
Сұрақ-жауап

Жарық қалпына келтіріледі

– Мамырда «Мерей» базары мен №3 мектеп орналасқан Луговой көшесіне кеңейту жұмыстары жүргізілген  кезде көшеге жарық беретін бес тірек алынып тасталды. Жұмысшылар тіпті сымдарын да алып тастамады. Олар әлі күнге дейін Владимирский мен Луговой көшелерінің қиылысындағы бағаналардың бірінде салбырап тұр. Қазір күн қысқарып жатқандықтан, кешкілік уақытта Луговой көшесі көзге түртсе көргісіз қараңғы болады. Мектеп оқушыларына әрі қараңғы, әрі кісі көп жүретін осы көшемен жүрулеріне тура келеді. 6 қазан 2011, 20:51 1 975 просмотра
Сұрақ-жауап

Жолдама – жазда, орын – күзде

– Маусым айының басында қалалық білім беру бөлімінен №1 АДГ балабақшасына жолдама алып, оны бірден мектепке дейінгі мекемеге тапсырдық. Бізге балаларымыз шілде айында тапсырылатын жаңа жалғамаға барады деп ескерткен болатын.  Содан кейін ол мерзім 1 қыркүйекке жылжыған еді. Енді бұл мерзім де өтті. Жалғаманы қашан тапсырады? 29 қыркүйек 2011, 20:08 2 043 просмотра
Сұрақ-жауап

170-тен төмен болсын

– Электр энергиясы есептегішін орнатқан кезде, энергішілер оның орнатылған биіктігіне қатысты ешқандай талап қоймаған болатын. Ал биылғы жылы кенеттен байқап қалып, есептегіштің 170 см-ден жоғары орналаспауы тиіс екендігі туралы ұйғарым әкелді. Бұл талап қайдан шыққан? Мен, мәселен, оны биік жерге орнатқан кезде, подъездерде бөгденің мүлкін бүлдіретіндерден қорғанып, соны басшылыққа алдым. 29 қыркүйек 2011, 20:02 1 976 просмотра
Сұрақ-жауап

Арнайы құрылғылар келесі жылы болады

– Облыстық оңалту орталығының жаттықтыру залы мүмкіндіктері шектеулі жандарға мүлдем лайықсыз. Барлық жаттығу құрылғылары дені сау адамдарға арналған. Арбаға таңылған жандарға ол жерге барудың қажеті жоқ. Тіпті, ІІ топ мүгедегі маған да (апаттан кейін ақсаңдап жүремін) бір жаттығу құрылғысы ғана лайықты. Жаттығу залына жабдықтар сатып алған кезде мүгедектер туралы неге қаперге алмаған? Бұл жаттығу құралдарын қашан ауыстырады? 29 қыркүйек 2011, 20:03 1 920 просмотра
Сұрақ-жауап

Даярлық тобын ашуға мүмкіндік жоқ

– Сәбиім барып жүрген №22 балабақшада (Жилгородоктағы жаңа балабақша) мектепалды даярлық тобы жоқ. Ол жерде балалар 5 жасқа дейін тәрбиеленеді. Содан кейін ата-аналары балаларын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр. Осы балабақшадан мектепалды даярлық тобын ұйымдастыру соншалықты қиын болғаны ма? 29 қыркүйек 2011, 20:03 2 644 просмотра
Сұрақ-жауап

Зейнеткерлер жалпы негізде төлейді

– Біз жұбайымыз екеуміз зейнеткерміз. «ТВС-TV» ЖШС-нің кабельдік теледидарын пайдаланамыз. Оның ай сайынғы төлемақысы 1 400 теңге. Жақында басқа кабельдік теледидар ұсынушылардың зейнеткерлер үшін 50 пайыздық жеңілдік жасайтынын білдік. Өз кабель қызметкерімнен бұған қатысты ештеңе біле алмадым. «ТВС-TV» ұстанымы қандай екен? 29 қыркүйек 2011, 20:07 2 138 просмотра
Талон неге тіркелмеген? Сұрақ-жауап

Талон неге тіркелмеген?

- Мен былтыр қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жалдамалы үйлердің кезегіне тіркелдім. Қолымда кезек нөмірін айғақтайтын талоным  (суретте) бар. Енді кезегімнің қаншалықты жылжығанын білейін деп, Сәтпаев көшесі, №20 үйдегі халыққа қызмет көрсету орталығына барсам, ондағылар мені тізімнен таппады. Сонда сіз пәтер кезегіне тіркелдіңіз деп, қолыма талон бергендері қайда?  22 қыркүйек 2011, 16:12 1 957 просмотра
Сұрақ-жауап

Көп балалы анаға төленетін жәрдемақы қайда?

- 2001 жылдан денсаулығыма байланысты зейнетақы аламын. 2007 жылы бес баламен 53 жасқа толып, зейнеткерлікке шықтым. Енді маған көп балалы ана ретінде берілетін 6006 теңге қосымша ақша төлене ме? Неге осы уақытқа дейін төленбей келеді? 15 қыркүйек 2011, 18:45 4 725 просмотра