Атырау, 24 қазан 09:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Даярлық тобын ашуға мүмкіндік жоқ

2 621 просмотра

– Сәбиім барып жүрген №22 балабақшада (Жилгородоктағы жаңа балабақша) мектепалды даярлық тобы жоқ. Ол жерде балалар 5 жасқа дейін тәрбиеленеді. Содан кейін ата-аналары балаларын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр. Осы балабақшадан мектепалды даярлық тобын ұйымдастыру соншалықты қиын болғаны ма?

Виктория

Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Гүлнұр ЖОЛМҰХАНОВА комментарий берді. «Бұл балабақша Атыраудағы шағын  комплектілі екі балабақшаның бірі. Екіншісі де жаңа, Авангардтағы №12 балабақша. Балабақшалар 80 балаға арналған. Топтар түрлі жастағы кезекке тұрушылардан құрылған. №22 балабақшада қазақ және орыс тілдерінде оқытатын екі топ ашылды. Орта топта 5 жастағы балалар бар. Бірақ қосымша алаң жоқ болғандықтан, әкімшіліктің жоғарғы топты ашуға мүмкіндігі жоқ».

29 қыркүйек 2011, 20:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.