Атырау, 28 желтоқсан 09:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

170-тен төмен болсын

1 976 просмотра

– Электр энергиясы есептегішін орнатқан кезде, энергішілер оның орнатылған биіктігіне қатысты ешқандай талап қоймаған болатын. Ал биылғы жылы кенеттен байқап қалып, есептегіштің 170 см-ден жоғары орналаспауы тиіс екендігі туралы ұйғарым әкелді. Бұл талап қайдан шыққан? Мен, мәселен, оны биік жерге орнатқан кезде, подъездерде бөгденің мүлкін бүлдіретіндерден қорғанып, соны басшылыққа алдым.

Н. Құрманғалиев

Сұраққа «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА түсінік береді:

– Абонентке есептегіш аспабын 170 см-ден жоғары асырмай орнату туралы ұйғарым беру ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының 2008 жылы 17 маусымдағы №11-П бұйрығымен бекітілген ҚР электр құрылғылары ережесінің «есептегіштер шкафтарға, қалқандарға, текшелерге, қатты конструкциясы бар қабырғаларға орнатылуы тиіс» делінген 1.5.28 тармағына сәйкес жүргізілген. Есептегіштерді пластмасса немесе металл қалқандарға бекітуге болады. Еденнен қорапқа дейінгі биіктік 0,8-1,7 метр шамасында болуы тиіс».

Сондай-ақ, «Атырау Энергосату» ЖШС бақылаушылары жоғарыда орнатылған есептегіштердің көрсеткіштерін алу кезінде өндірістік зақымдар алып, аяқ-қолдарын мертіктіріп алуы мүмкін екендігін қаперге береміз.

29 қыркүйек 2011, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.