– Мамырда «Мерей» базары мен №3 мектеп орналасқан Луговой көшесіне кеңейту жұмыстары жүргізілген кезде көшеге жарық беретін бес тірек алынып тасталды. Жұмысшылар тіпті сымдарын да алып тастамады. Олар әлі күнге дейін Владимирский мен Луговой көшелерінің қиылысындағы бағаналардың бірінде салбырап тұр. Қазір күн қысқарып жатқандықтан, кешкілік уақытта Луговой көшесі көзге түртсе көргісіз қараңғы болады. Мектеп оқушыларына әрі қараңғы, әрі кісі көп жүретін осы көшемен жүрулеріне тура келеді.
Светлана Аманиязова, 4-ықшам аудан тұрғыны
Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ сендіргендей, кешікпей бұл проблема шешіліп, көшеге жарық беру қайта қалпына келтірілетін болады.