– Мен Атырау қаласының тұрғынымын. Менің азаматтық некедегі әйелім Қарақалпақстандікі. Желтоқсан айында біздің баламыз дүниеге келмекші. Әйелім бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ала ала ма?
Телефон арқылы
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы директорының орынбасары Алмагүл ШАТЕНОВАНЫҢайтуынша, ол әйел жәрдемақыны алу үшін Қазақстан азаматымен ресми түрде некеге отыруы тиіс. Неке туралы куәлігінен басқа мекендеу құжаты және оралманның жеке бас куәлігі болуы керек. Егер ондай құжаттар жоқ болса, онда оның күйеуі неке туралы куәлігі, баланың туу туралы куәлігі болса және жаңа туған бала ҚР аумағына тіркелсе ала алады.