– Маусым айының басында қалалық білім беру бөлімінен №1 АДГ балабақшасына жолдама алып, оны бірден мектепке дейінгі мекемеге тапсырдық. Бізге балаларымыз шілде айында тапсырылатын жаңа жалғамаға барады деп ескерткен болатын. Содан кейін ол мерзім 1 қыркүйекке жылжыған еді. Енді бұл мерзім де өтті. Жалғаманы қашан тапсырады?
www.azh.kz сайтынан
Балабақша әкімшілігі нысанда әлі де жұмыс жүріп жатқандығына сілтеп, жалғаманың дәл ашылу уақытын атай алмады. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА қалалық әкімдіктің құрылыс бөліміне сілтеме жасап, нысандағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғанын, қазіргі уақытта мердігерлердің шағын сәулет формаларын (беседкаларды, әткеншектерді және т.б.) жабдықтаумен айналысып жатқанын мәлімдеді. Қыркүйектің аяғында барлық жұмыстар аяқталуы тиіс.