– Біз жұбайымыз екеуміз зейнеткерміз. «ТВС-TV» ЖШС-нің кабельдік теледидарын пайдаланамыз. Оның ай сайынғы төлемақысы 1 400 теңге. Жақында басқа кабельдік теледидар ұсынушылардың зейнеткерлер үшін 50 пайыздық жеңілдік жасайтынын білдік. Өз кабель қызметкерімнен бұған қатысты ештеңе біле алмадым. «ТВС-TV» ұстанымы қандай екен?
Хамит
Сұраққа «ТВС-TV» кабельдік теледидарының менеджері Қарлығаш БЛЯШЕВА комментарий берді. «Біздің клиенттеріміз – зейнеткерлер кабельдік ТД қызметін жалпы негізде төлейді. Алайда халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін елеулі жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, І топ мүгедектері мен бала күнінен мүгедек жандарға 30 пайыз жеңілдік бар. Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғысқа қатысушылардың жесірлері біздің қызметімізді тегін пайдаланады».