Атырау, 11 қазан 11:08
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Талон неге тіркелмеген?

1 928 просмотра

- Мен былтыр қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жалдамалы үйлердің кезегіне тіркелдім. Қолымда кезек нөмірін айғақтайтын талоным  (суретте) бар. Енді кезегімнің қаншалықты жылжығанын білейін деп, Сәтпаев көшесі, №20 үйдегі халыққа қызмет көрсету орталығына барсам, ондағылар мені тізімнен таппады. Сонда сіз пәтер кезегіне тіркелдіңіз деп, қолыма талон бергендері қайда? 

Гүлмира Қуанышева

 

Біз бұл сауалды қалалық тұрғын үй секторы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Марта НҰРҒАЛИЕВАҒА жолдағанбыз. Ол телефон арқылы былай деген еді:

- Бұл жерде талондағы нөмір - халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының баспана кезегіне тұру жөніндегі өтінішті қабылдағандығын растайтын кіріс хатының нөмірі. Осы өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталығы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне тапсырады. Сол кезде пәтерге мұқтаждығына қарай кезекке тіркеледі. Мүмкін сауал иесі пәтер кезегіне тұру үшін сұратылатын құжаттарды толық тапсырмаған болар. Не себептен тіркелмегендігін анықтасын. 

Дайындаған Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

22 қыркүйек 2011, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.