Атырау, 28 желтоқсан 10:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Көп балалы анаға төленетін жәрдемақы қайда?

4 725 просмотра

- 2001 жылдан денсаулығыма байланысты зейнетақы аламын. 2007 жылы бес баламен 53 жасқа толып, зейнеткерлікке шықтым. Енді маған көп балалы ана ретінде берілетін 6006 теңге қосымша ақша төлене ме? Неге осы уақытқа дейін төленбей келеді?

Телефон арқылы

Сіздің сауалыңызға Атырау облыстық зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың заңгері Рысты ҚАЛИЕВА жауап береді:

- 6006 теңге мөлшеріндегі төлем бұл көп балалы анаға емес, әлеуметтік қорғауды қажет ететін көп балалы отбасына берілетін ақшалай төлем. Ол арнаулы мемлекеттік жәрдемақы деп аталады. Бұл жәрдемақы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі №365-ші «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының талабына сәйкес, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға тиесілі. Балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін төлем алуға құқылы.

Егерде сіздің балаларыңыздың алды кәмелет жасқа, яғни 18-ге толмаған болса, арызбен қоса қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап жәрдемақы ала аласыз.

15 қыркүйек 2011, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.