Атырау, 28 желтоқсан 09:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Маршруттар мәселесі майшаммен қаралады

2 995 просмотра

- Мені маршруттар жүрісі мазалайды. Жолаушыларды мезі еткен оқиғалар көп. Соның ішінде нақты бір фактіні келтірейін. Жақында №14 автобустар бір-бірімен жарысып, салондағы халықтың қауіпсіздігін ойлаған жоқ. Мен автобустың нөмірін жазып алдым: Е 031 ВР. Жүргізушінің тегі - Ихсанов. «Батыс-Транспорт СИМ» ЖШС-не хабарласып едім, мекеме директорының орынбасары Құсайынов мәселені қараймыз деді.

Одан бөлек, кондукторлар неге «аялдамадан түсетіндер бар ма?» деп сұрайды? Аялдама не үшін салынған? Осы маршруттар мәселесін реттеуге болмас па?

Телефон арқылы

Сіздің сұрағыңызға «Батыс-транспорт СИМ» ЖШС-нің директоры Рахметолла ӘЛШЕНОВ былай деп жауап берді:

- Е 031 ВР нөмірлі автобус көлігінің жүргізушісі К.Ихсановтан және оның кондукторы А.Темірден жазбаша түсініктемелер алынып, жолаушы тасымалдау кезіндегі жол қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін олардың тәртібі 2011 жылғы 28 қыркүйек күнгі тәртіптік кеңесте қаралып, ескерту жасалды. Мұндай тәртіпсіздік қайталанған жағдайда жұмыстан шығарылуға дейінгі қатаң шара алынатындығы қаперлеріне берілді.

6 қазан 2011, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.