– Биыл жол қызметкерлері «Атырау-Жарық» АҚ-ның электр тарату магистральды желілері бар болғандықтан, Доссорский өткелін асфальттаудан бас тартты. Ақ депо массивіндегі басқа көшелер абаттандырылды. Көрші көшелердегі жол деңгейлері жоғары болғандықтан, бүкіл жаңбыр суы бізге қарай ағады. Электр тарату желілерінің тірегін айналып өтіп, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге бола ма?
Доссорский өткелінің тұрғындары, барлығы 19 адам қол қойған
Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, Доссорский өткеліндегі жолды жөндеу мәселесі «Атырауинждорстрой» мердігер компаниясының мамандарын шақырумен комиссиялық түрде шешілетін болады. Бәлкім, өткелдің желілер тірегі жоқ бөлігі асфальтталатын шығар.