- Менің «Заман-нан» зауыты маңында, яғни, Авангардтағы 2-ші мөлтек ауданда орналасқан металл көлікжайым бар. Жақында маған осы көлікжайымды белгілі бір мерзім ішінде алып тастау жөнінде хабарлама келді. Оны мен сонда қайда апаруым керек және ол кімнің есебінен жүргізіледі?
Телефон арқылы
Сауалға қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА жауап береді. «Акция басталған кезде қала өкіметі өз есебінен көлікжай иелерінің көрсетуі бойынша металл көлікжайларды көшірісіп беріп отырды. Ал, қазір ондай мүмкіндік жоқ, өйткені, барлық техника жылыту маусымының дайындық жұмыстарына жұ-мылдырылып жатыр. Көрсе-тілген мерзімге дейін көлікжай иелері металл көлікжайларды өз күштерімен көшіруге тиісті. Көлікжайларын өз меншіктеріндегі жер учаскелерінің аумағына немесе қала сыртына көшіруі қажет. Металл көлікжайларды қала ішінде қалдыруға тыйым салынады».