Атырау, 23 наурыз 06:00
Таңертең ашық+8, күндіз +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.40  € 427.36  P 5.86

Асықпа, аңшы!

15 қыркүйек 2011 23:35

– Аңшылардың бірі қайғылы оқиғаға ұшыраған соң  күйеуім осы әуесқұмарлықты қойса екен деймін. Бірақ ол алаңдайтын ештеңе жоқ деп сендіреді. Қандайда болмасын қауіпсіздік курстары бар ма?

Ирина

Облыстық аңшылар қоғамы төрағасының орынбасары Сергей КАТАРОВТЫҢ айтуынша, барлық аңшылар аңшылық минимумы бойынша оқыту курсынан өтеді екен. Оған «Жануарлар әлемін қолдану, өндіру және қорғау туралы» заң, қауіпсіздік техникасы мен аңшылықта жапа шегушіге алғашқы көмек көрсету негіздері және т.б. кіреді. Аңшылыққа емтиханда жақсы баға алғандар ғана жіберіледі. Аңшылық кезінде адамдарға немесе үй жануарларына (оғы алынып тасталса да) қару кезеуге, шуға, сыбдырға және нысана айқын көрінбесе атуға, қайықтан адамдардың басынан асырып атуға, қайыққа кесе көлденең бағытта немесе «қайықта тұру» бағытында тікелей жоғарыға қарай атуға, қару от алмаған бойда қаруды ашуға тыйым салынады, өйткені қару атылып кетуі мүмкін, өзіне бағытталған қаруды ұңғысынан ұстауға, тартуға болмайды, құлаған ірі аңның өлі екендігіне көз жеткізбей жақындауға, қармен немесе балшықпен бітеліп қалған ұңғыдан атуға, бір уақытта екі ұңғыдан атуға тыйым салынады. Үйге немесе елді мекенге кірер кезде немесе жол бойында қарудың оғын алып тастаған жөн. Сақтандырғыш тежегішін үнемі қосып қою керек, ал шүріппелі қарулардың шүріппесін ағытып, қарудың жерге құлап кетпеуін қадағалау керек. Ұңғыны жерге қаратып барып оқтау қажет немесе оғын алып тастаған дұрыс.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1164 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
formulasna.kz

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет