Атырау, 13 қараша 11:17
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Фельдшерге де үстемақы тиесілі

3 150 просмотра

- Мен орта буын медицина қызметкермін. Біз де медбикелермен бірдей уақыт жұмыс істейміз. Жалақымыздың қалай есептелетінін білгім келеді. Фельдшер мен лаборанттардың жалақысы медбикелер жалақысымен бірдей төлене ме? Мәселен, учаскелік медбикелер тоқсан сайын 40-50 мың теңгедей ақша алады. Ал денсаулық сақтау мекемелерінің кабинеттерінде отырып жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерлеріне қандай да бір қосымша үстемақы тиесілі ме?

Телефон арқылы

Сауалға Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Толқын ЖАКУПОВА жауап береді:

- Медицина қызметкерлеріне еңбекақы ҚР-сы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1400-ші қаулысы негізінде төленетіндігін айта отырып, фельдшер, лаборант, медбике, учаскелік медбикелердің лауазымдық жалақылары да қаулыда көрсетілген санаттар бойынша анықталады да, оларға қосымша берілетін үстеме ақылар еңбек жағдайларына, атқаратын қызметіне сәйкес, осы қаулының жалғамаларында көрсетілген мөлшерде беріледі. Мысалы: лаборанттарға зияндылық үшін базалық лауазымдық жалақыдан қосымша 20 пайыз үстемақы төленсе, учаскелік медбикелердің басқа медбикелерден айырмашылығы оларға төленетін үстемақы мөлшерінің жоғары екендігі, яғни ауылдық жерлерде базалық лауазымдық жалақыдан 150 пайыз, қалада 100 пайыз үстемақы мөлшері белгіленген. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап, тоқсан сайын атқарған қызметінің сапасына сай ынталандыру үстеме ақылары төленеді.

6 қазан 2011, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.