Атырау, 28 желтоқсан 08:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

“Ольга бізге жолықсын”

2 019 просмотра

– 2009 жылы «Химик» бағбандық серіктестігінің Грушевая көшесінің бағбандары «Атырау су арнасы» КМК рұқсатымен өз қаржыларына Көкарна поселкесінен су құбырын тартқан болатын. Менің саяжайым осы көшенің бойында еді. Бірақ мен жолаушылап кеткендіктен, су құбырын жалғауға үлгере алмай қалдым. Кейінірек «Атырау су арнасы» КМК-не рұқсат алу үшін барған едім, ондағылар уақытымен осы су құбырын салып алған көршілерімнің жазбаша келісімін алуға кеңес берді. Мен олардың қолдарын қойғызып, келісімдерін алған едім. Енді су құбырындағы сумен көшеттерді суарасыз деген желеумен маған техникалық шартты беруден бас тартып отыр. Бізде суаруға арналған суарма су құбыры бар ғой, маған көшеттерді хлорланған сумен суарып қажеті қандай?!

Ольга Вьюркова

«Атырау су арнасы» КМК-гілербізге өтініш берушінің барлық қажетті құжаттарды ұсынғанын және техникалық шартты беруге ешқандай кедергі жоқ екенін хабарлады. О. Вьюркова «Атырау су арнасы» КМК-нің абоненттік бөліміне хабарласа алады.

8 қыркүйек 2011, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.