Атырау, 8 қараша 20:17
 бұлттыВ Атырау 0
$ 492.22
€ 529.38
₽ 5.03

“Мұқан” мен “Аркадий” әзір көшпейді

2 210 просмотра

- Гайдар көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары көшіріле ме?

- Төлебаев көшесі бойындағы №44 үйдің тұрғындарын  көшіру жоспарда бар ма?

- Мен зейнеткермін, жанұяммен бірге С.Датов көшесіндегі №11 үйде тұрамын. Бұл үй пайдалануға 1983 жылы берілді. Жаңбыр жауған кезде төбеден су тамшылайды. Біздерде шатырды өз күшімізбен ауыстыратын мүмкіндігіміз жоқ. Үй апатты жағдайда тұр. Осыүйді күреп тастау жоспарда бар ма?

Телефон арқылы

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлауынша, Аркадий Гайдар көшесіндегі үйдің тұрғындарын көшіру бұл үйлердің апатты үйлер тізімінде болмағандығына байланысты жоспарда жоқ. Сондай-ақ, биылғы жылы Мұқан Төлебаев көшесі бойындағы №44 жатақхана тұрғындары да көшірілмейді.

С.Датов көшесі бойындағы №11 үйдің тұрғындары шатырды жөндеу жұмыстарын өз күштері мен өз есептері бойынша немесе ПИК қызметкерлерінің көмегімен жүргізуге тиісті.  Сондай-ақ, тұрғындар термомодернизациялау жүйесі бойынша өздерінің қайтарып беру мүмкіндігіне қарай несие алуларына болады.

18 тамыз 2011, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.