Атырау, 26 желтоқсан 15:41
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жүргізушіні жаңылдырған белгілер

2 545 просмотра

– Сәтбаев – Тайманов қиылысында ескі қала жақтан келетін көлік, неліктен екені белгісіз, «Логиком» дүкені жақтан шығатын көлікке жол береді. Алайда ол жерде «Stop» және «Жол бер» деген белгілер орнатылған. «Анвар» супермаркетінің қасында «Жол бер» деген белгі тұрса да, Сәтбаев – Молдағұлова қиылысындағы жағдай дәл осындай. Неліктен оларға айыппұл салмайды?

www.azh.kz сайтынан

ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІжауап береді: «№32 үй жақтан Сәтбаевқа шығатын Сәтбаев – Тайманов қиылысында және «Анвар» дүкені жақтан Сәтбаевқа шығатын Сәтбаев – Молдағұлова қиылысында жүргізушілер Сәтбаев, Тайманов және Молдағұлова бойымен қозғалатын көлік құралдарының барлығына жол берулері тиіс. Олардың қозғалу бағытына қарамастан №32 үй мен «Анвар» дүкені жақтан шығатын жолдар сол маңдағы шығу жолдары боп табылады және көше қиылысына жатпайды, ал қиылыстардың өзі Т тәрізді қиылыстарға жатады.

Осы қиылыстарда  жол қозғалысы ережесін бұзатын жүргізушілерге қатысты автоинспекторлардың бұл жерлерді үнемі бақылауға алатынын хабарлаймыз. Алайда көбінесе Тайманов пен Молдағұлова көшелері жақтан қозғалатын жүргізушілер орталық көпір жаққа бұрылар кезде өздері білмей (қарсы көлікті жібердім деп ойлап) аула жақтан шығатын машиналарға жол беріп, қиылыстан өтуді қиындатады»

9 қараша 2011, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.