Атырау, 29 желтоқсан 15:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қарақшылар мен табынушылар

2 312 просмотра

– Енді интернеттен фильмдерді жүктеп алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін деп естідім. Осы рас па?

Телефон арқылы

Облыстық әділет департаментінің баспасөз хатшысы Гүлбаһрам ЖАУҒАШТИЕВАНЫҢ ақпараты бойынша, биылғы жылдың 12 қаңтарында қабылданған «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгеріс-тер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік нақтыланған. Интернет желісінде туындыларды заңсыз пайдалану және тарату бойынша жауапкершілікті нақтылауға қатысты Қылмыстық Кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске толықтырулар енгізілді. Енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес интернет желісіне бөгде зияткерлік меншіктің объектілерін заңсыз салған мекен-жайларға ескерту жолдауға рұқсат етілген. Мұндай заңға қайшы әрекеттер қайталанып жасалған жағдайда айыппұл салынады.

Айыппұл сондай-ақ, интернет желісінде бөгде зияткерлік меншігінің объектісін заңсыз жүктеп алуға, орналастыруға және таратуға қолжетімді болу мақсатында интернет-қорлар жасақтайтын тұлғаларға салынады. Бұдан басқа, Қылмыстық Кодексте осындай сайттарды жасаушылар үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бір жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу түрінде жауапкершілік қарастырылған. Егер бұл әрекеттерді адамдар тобы, өз қызмет бабын пайдаланған тұлға әлденеше рет жасаған болса, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қабылданған заң «онлайн» режимінде фильмдер көріп, музыка тыңдайтын, ойнайтын және т.б. қолданушылар үшін жауапкершілік қарастырмайды.

4 сәуір 2012, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.