Атырау, 4 қазан 17:50
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Дауласпас үшін түбіртек бермеді

2 216 просмотра

– «Атаба» супермаркеттерінің желісінде несиелік карта немесе аудару арқылы сауда жасаған кезде неліктен түбіртек берілмейді? Түбіртек талап еткен соң сатушылар сатып алынған заттардың жалпы сомасы көрсетілген құжатты ғана береді. Онда бағасы көрсетілген барлық тауар тізімі жоқ. Ал, егер қандай да бір тауар сапасыз болып шықса, оны мен дүкенге қандай негізге сүйеніп кері қайтара аламын?

Телефон арқылы

Сауалға Атырау қаласы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары Жанболат ТІЛЕУЛЕС жауап береді.

– Жақында ғана ҚР қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Әнуар ЖҰМАДІЛДАЕВ осы мәселеге қатысты түсінік берген болатын: ҚР «Салық Кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңының 10-бабында Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезiнде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады деп белгіленген. Осылайша, сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету барысында жүзеге асырылатын есептесу барысында төлем кәртішкелерін қолданған кезде чек талап етілмейді. Демек, төлем кәртішкелерінен ақша алу және толықтырудың дәлелі  POS-терминалдың түбіртегі болып табылады. Ал, қандай ма бір талап қойған кезде осы құжаттың өзі жеткілікті болады.

11 сәуір 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.