Атырау, 29 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қосымша кепілдіктің керегі бар ма?

1 743 просмотра

- Осыдан екі жыл бұрын мен тұрмыстық техникалар сататын дүкеннен шаңсорғыш пен кір жуатын машина сатып алдым. Сатушылар маған кез-келген ақау үшін тауарды ауыстыруға дейін мүмкіндік беретін 2 жылға қосымша кепілдікті  рәсімдеуге ұсыныс жасады. Мен әрбір кепілдік үшін  9 мың теңге шамасында ақша төледім. Сатушылар қолданылмаған кепілдікті  сондай бағадағы  кез-келген тауарға ауыстыра алатындығыма сендірген болатын.

Екі жыл өткеннен соң, дүкен әкімшісі маған пайдаланылмаған  кепілдік сомасына тек шығын материалдарын ғана ала алатындығымды мәлім-деді.  Ал, бұл заңды ма? Оның үстіне мен кейін белгілі болғанындай мұны кепілдік мерзімі бітуге дейін екі күн қалғанда (бұл келісім-шартта ұсақ шрифпен жазылған, олар маған ауызша ескерткен де жоқ) жасауға тиісті екенмін.

Еркін

Сауалға «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің  заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВ түсінік береді:

– Сатушының әрекетін заңды деп есептеуге болады. Сатушы тауарға берілетін негізгі кепілдіктен басқа, нақты бір төлемге өзінің сервистік бағдарламасы аясында қосымша кепілдік алуды ұсынды. Сатушының бұл әрекеті заңға қайшы келмейді. Сертификатты алған сатып алушы келісімнің талаптарына өз келісімін береді. Демек, сізбен сатушы арасында сатылған тауарды нақты бір уақыт ішінде талап бойынша нақты бір бағаға оның жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 2 күн ішінде сертификат құнының сомасына дүкеннен техниканы алуға мүмкіндік беретін келісім-шарт жасалған. Басты назарды кейбір жеке бір жағдайларда сатылатын техника құнының қосымша кепілдік сертификат құнының құрамына енгізіл-гендігіне аударуымыз керек.

Кез-келген жағдайда егер сізге ұсынылып отырған келісім-шарт талаптары ұнамаса немесе сізге қосымша кепілдіктер керек болмаса, осы қызметтерді сатып алудан бас тартуыңызға толық құқығыңыз бар. ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау»  заңының 28-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының өзiне ыңғайлы уақытта тиiстi сападағы тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимiн ескерiп, еркiн таңдауын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тұтынушыны тиiстi емес сападағы тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) өзiне қажетсiз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Сатып алушы тек шығын материалдарын сатып алумен ғана шектелмейді. Қосымша сервистік қызмет көрсетудің талаптарында сертификат құнына дүкеннен техника сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Қандай ма бір шектеулер қарастырылмаған. Сатып алынған техника мен сертификат құнының  және сертификаттың уақытша жарамдылық мерзімі арасындағы байланыс басты белгісі болып табылады.

25 сәуір 2012, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.