- Өткен жылы бізде пәтерде тұрушылар саны көбейді. Бірақ біз «АтырауЭнергоСатуға» бұл туралы хабарлауды ұмытып кеттік. Отбасының жаңа мүшесі тіркелген сәттен бастап бізге қайта есептеулер жүргізе ме?
Телефон арқылы
Сұраққа «АтырауЭнерго Сату» ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОЩАТОВ жауап берді:
- Тұратын адамдар саны бойынша электр энергиясын тұтыну нормасы тек хабардар еткен уақыттан бастап қайта қаралатын болады. Өткен кезең үшін қайта есептеу жүргізілмейді. Сізге сату қызметінің кеңсесіне тұратын адамдар санының көбейгендігі туралы өтінішпен шығу керек. Өтінішке үй кітабының көшірмесін немесе ПИК анықтамасын тіркеу қажет.