Атырау, 29 желтоқсан 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мектептегі психологтың міндеті

32 815 просмотра

- Мектептің педагог-психологының жұмысы қандай нормативтік құжаттармен реттеледі? Қандай маман мектеп психологы боп жұмыс істей алады. Оның негізгі ставкасына қосымша сағаттар тиесілі ме? Егер тиесілі болса қанша? Оның 1,5 ставкасы бар болса, жұмыс уақыты ішінде алмастыру бойынша қосымша сағаттар алуға құқығы бар ма? Өйткені ҚР Еңбек Кодексі бойынша алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс күнінің ұзақтығы 7 сағат құрайды ғой.

Телефон арқылы

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза ШАНГЕРЕЕВА жауап береді:

- Педагог-психологтың жұмысы ҚР Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет психологының құқықтық мәртебесі туралы ережемен және мектеп психологының жұмыс нәтижесін бағалау жүйесімен реттеледі. Педагог-психолог жоғарғы білімді, еңбекақыға, зейнетақы кепілдігін тағайындауға, сондай-ақ басқа кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге қатысты педагогика қызметкерлеріне теңестірілген маман боп табылады. Психолог пәндерге, әкімшілік кезекшілік етуге жетекшілік ететін әкімшілік қызметкерлердің және оған теңестірілген тұлғалардың міндеттерін атқармайды. Әкімшіліктің, педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың арасындағы даулы мәселелердің медиаторы болып табылады және дау-дамайлар комиссиясының құрамына кіреді. Педагог-психологтың жұмыс уақытының жалпы мөлшері – аптасына 36 сағат. Оның 18 сағаты – оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен тікелей жұмыс жасауға, қалған 18 сағаты – оқушылармен жеке және топтық жұмыстарды дайындауға, біліктілігін көтеруге, өз бетімен білім алуға арналған. Психологтың жалпы жұмыс мөлшері қосымша жұмыс мөлшерін қосқанда, еңбек заңнамасының нормалары бойынша, аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

25 сәуір 2012, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.