Атырау, 27 желтоқсан 07:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Балабақшаға баруға асығамыз

2 447 просмотра

– Сәбиім 2 жаста, мемлекеттік балабақшаға кезегіміз әлі  келген жоқ. Оны жеке балабақшаға бергім келіп отыр. Балалары жеке балабақшаға баратын ата-аналардың шығындарын мемлекет өтейді деп естідім. Осы бағдарлама бойынша бір сәбиге арналған айлық шығын 18 000 теңге құрайды екен. Қаржыландыру қандай сызбамен жүзеге асырылатынын толық білгім келеді.

Телефон арқылы

Қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Гүлнар ЖОЛМҰХАНОВАНЫҢ айтуынша, бұл бағдарлама әлі өз жұмысын бастамаған:

– Үстіміздегі жылдың 21 ақпанында жеке мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру жөніндегі комиссия қызметі туралы қала әкімінің қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, тек комиссияның құрамы ғана белгіленген. Қандай да болмасын нақты өкім болған жағдайда хабарлайтын боламыз.

28 наурыз 2012, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.