Атырау, 8 мамыр 20:25
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Режимдік нысан

4 219 просмотра

- Пәтерді жалға беру үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелу  міндетті емес. Алайда мұндай жағдайда салық 10 пайыз құрайтын болады. Егер дара кәсіпкер боп тіркелсе, онда салық аз болады. Жылжымайтын мүлікті жалға берудің қандай режимі болады және қайсысы тиімді екенін толық түсіндіріп берсеңіздер?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық Салық басқармасы бастығының орынбасары Жанболат ТІЛЕУЛЕС жауап береді.

- Пәтерлерді жалға беру кезінде салық төлеудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, сіздің дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркелмеуге құқығыңыз бар. Мұндай салық төлеушінің жылдық табысы 1 жыл ішіндегі төменгі еңбек ақының жиынтық сомасының мөлшерінен аспауы тиіс (17 439 теңгені (ай сайынғы төменгі еңбекақы) 12 айға көбейткенде = 209 268 теңге), оған 10 пайыз мөлшерлемемен салық салынады.

Декларацияларды  есептік жылдан кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей, ал есептелген салықты келесі айдың 10 күнтізбелік күні ішінде тапсыруы тиіс.

Алайда егер өз қызметіңізде тұрақты негізбен жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланатын болсаңыз немесе пәтер жалдаудан түскен сіздің табысыңыз жылдық жиынтық кіріс мөлшері – 209 268 теңге болатын салынбайтын салықтан асып кететін болса, онда сізге ДК ретінде есепке тұруға тура келеді. Бұл жағдайда салықты есептеу және төлеу, сондай-ақ, олар бойынша салық есептілігін ұсыну тәртіптерінің бірін өзіңіз таңдай аласыз:

1) жалпыға бірдей тәртіп;

2) патент негізіндегі арнайы салық режимі;

3) жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі.

Салық органына өтініш бергенде дара кәсіпкер әдетте бірден белгілі бір салық режимін таңдайды. Өйткені мемлекеттік тіркеу күні арнайы салық режимін қолдана басталатын күн деп есептеледі. Егер салық төлеуші салық өтінімін уақытында тапсырмаса, оған автоматты түрде жалпыға бірдей тәртіп қолданылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, жалпыға бірдей тәртіпті таңдағанда арнайы салық режиміне (жеңілдетілген декларация немесе патент бойынша) екі күнтізбелік жылдан кейін ауысуға болады.

Жалпыға бірдей тәртіп бойынша салық есептеу, сондай-ақ, бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу 10 пайыз ставканы қолдану арқылы жүргізіледі. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, ал есептелген салық келесі айдың 10 күнтізбелік күні ішінде тапсырылады.

Бір қарағанда, ДК тіркемей-ақ салық салу тәртібі  жалпыға бірдей режимге ұқсайды. Іс жүзінде олар әр түрлі. Жалпыға бірдей тәртіпте ДК қосымша декларацияларды тапсыруға, жеке табыс және әлеуметтік салықтарды төлеуге міндетті, жұмыс кезінде кассалық аппаратты пайдалануға немесе банктік есеп-шот арқылы әрекет етуге міндетті. Егер жылжымайтын мүлік қожайыны ДК тіркемесе, онда оған жоғарыда айтылғандардың бірде-бірін жасаудың қажеті жоқ.

Басқа режимнен ауысу кезінде жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін алдағы салық кезеңі (жаңа тоқсан) басталғанға дейін ДК ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, өтінім беру керек. Арнайы салық режимі қолданыла басталатын уақыт көрсетілген салық өтінімі ұсынылған уақыттан кейінгі салық кезеңінің алғашқы күні боп табылады. Жеңілдетілген декларация негізінде әрекет ететін ДК мәлімделген табыстың 3 пайыз ставкасындағы салықты өзі аударады. Жеңілдетілген декларацияда жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік жарналардың сомасы бейнеленеді. Жеңілдетілген декларацияда салықтың екі түрі (жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық) қатар қолданылады, ол салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-ші жұлдызынан кешіктірілмей ұсынылады,  салықтар есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-жұлдызынан кешіктірілмей төленеді.

Егер ДК патент бойынша жұмыс істеуді таңдаса, онда кірістің 2 пайыз көлеміндегі ставкасы қолданылады. Патент құны бюджетке:

1) жеке табыс салығы – патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде;

2) әлеуметтік салық - әлеуметтік жарналарды алып тастағанда патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленуі тиіс. Патент 1-ден 12 айға дейінгі мерзімге беріледі.

Бұдан басқа, «Салық туралы» ҚР Кодексінің 394-бабының негізінде мүлік салығын есептеу және төлеу ҚР Салық кодексінің 398-бабымен бекітілген ставкаларды, яғни салық базасының 0,5 пайыз ставкасын қолданумен жүзеге асырылады. Салық есептілігі ҚР салық кодексінің 402-бабымен бекітілген тәртіп бойынша, салық органдарына салық салу нысандарының мекен-жайы бойынша ұсынылады.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер ҚР Салық кодексінің 402-бабында бекітілгендей, салық органдарына салық салу нысандарының мекен-жайы бойынша декларация ұсынуға міндетті.

18 сәуір 2012, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.