Сұрақ-жауап Пасхадан соң - Пасхадан тәтті нан мен боялған жұмыртқалар қалған еді. Олар енді жеуге келмейді, ал лақтыруға қолым бармайды. Не істеймін? 30 мамыр 2012, 17:30 1 711 просмотра
Сұрақ-жауап Пәтер иесіз қалмасын - Жақында пәтерімізге 5-қабатта тұратын көршілерімізден су кетті. Сол кезде олар үйлерінде болмаған еді. Тұрба бойындағы бүкіл суды тоқтатып тастауға тура келді, нәтижесінде подъезд тұрғындары сусыз қалды. Содан бері бірнеше күн өтті, бірақ көршілеріміз ақыры келмеді, телефон қоңырауына да жауап берген жоқ, шамасы демалуға кеткен болса керек. Олардың қашан келетіні белгісіз, мүмкін бүкіл жаз бойына болмайтын шығар. Енді шынымен де біздің подъезд үнемі сусыз отырмақ па? Көп су кеткен немесе басқа да оқыс жағдай болғанда, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет өкілдері немесе учаскелік полицейлер куәгерлердің және ПИК өкілдерінің қатысуымен есікті аша ала ма? Егер аша алса, процедурасы қандай, егер болмаса, неліктен жоқ? 30 мамыр 2012, 17:29 2 483 просмотра
Сұрақ-жауап Оқу ақысы неге қымбаттай береді? - Атырау мұнай және газ институтында оқу ақысы жыл сайын неліктен 50 мың теңгеге дейін өсіп кетеді? 23 мамыр 2012, 19:24 1 872 просмотра
Сұрақ-жауап Коллектордан қорлық көрдік - Бірнеше жылдан бері біздер тұратын Авангард-4 ықшам ауданындағы №9, 10, 12 және 13 үйлердің жертөлелері үнемі суға толып қалады. Біз сан мәрте өзіміздің ММ-19 ПИК-не жолыққанымызбен, төраға бұл проблеманың 2003 жылы біздің ауданды асфальттау кезінде бүлінген орталық коллектордың ақаулығынан туындап отыр дейді. Суға толған жертөлелердің салдарынан подъездер масаға толды, жағымсыз иіс, жазды күндері үйде де, үй маңында да отыру мүмкін емес. Атырау су арнасы өз коллекторын қашан жөндейді? 23 мамыр 2012, 19:23 1 850 просмотра
Сұрақ-жауап Сұлулық мұнарасы - Көптен бері Жилгородоктағы алып құрылысқа - сукернеуіш мұнараға қызыға қарайтынмын. Қазір ол қараусыз қалған. Мәселен, одан мейрамхана ашу ешкімнің ойына келмеді ме екен? 23 мамыр 2012, 19:22 2 132 просмотра
Сұрақ-жауап Есеп айырысуға - үш күн - Осыдан бір апта бұрын мен жаңа қызметке орналасуыма байланысты жұмысымнан шығып кеттім. Бұрынғы жұмыс берушім мені жібергісі келмеді, сондай-ақ, менің есеп айырысу бойынша алатын ақшамды есепшінің келіп-кетіп істейтіндігін сылтау етіп төлемей отыр. Яғни, есеп айырысу ақшамды қызметкерлер жалақы алған кезде, келесі айдың басында аласың деп отыр. Заң бойынша жұмыс беруші қызметкердің есеп айырысу бойынша берілетін ақшасын қандай уақыт ішінде есептеп беруге міндетті? 23 мамыр 2012, 19:21 2 085 просмотра
Сұрақ-жауап Бұл қалай болғаны? - Қаладағы танымал туристік компаниялардың бірінен Түркияға жолдама алған едік. Құнын толық төлеп болғаннан кейін қолымызға ваучер берді. Келісім-шарт бойынша Түркияда 11 күн мен 10 түн, яғни, 2012 жылдың 16 мамырынан 26-на дейін болуға тиіс едік. Алайда ваучер мен әуе билетін мұқият қарап шыққан соң, отельден бір тәулік бұрын кетуіміз керек екендігін анықтадым. Өйткені әуе билетіне 25-мамырға тапсырыс беріліпті. Туристік фирмаға хабарласқанымызбен, көкейге қонымды жауап ала алмадық. Мұндай жағдайда қандай амал жасауға болады? 23 мамыр 2012, 19:21 1 963 просмотра
Сұрақ-жауап Бәрі де бақылауға алынған - Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді тексеру кезінде қандай құжаттарды көрсетулері тиіс? 23 мамыр 2012, 19:20 1 576 просмотра
Сұрақ-жауап Дәрігердің қателігі - Онкологиялық науқастардың ауруды басатын Трамадол дәрісін тегін ала алатындығы рас па? Егер солай болса, неге біз құны арзан емес бұл дәріні жарты жыл бойына сатып алып жүрміз? Тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша тіркелген емхананамыз беретін рецепте ешқашан дәрінің дәл дозасын көрсетіп жазбайды. Оны өз бетімізше есептеп алуға тура келеді. 23 мамыр 2012, 19:19 2 063 просмотра
Сұрақ-жауап Балалардың жұмыс сағаты шектеулі - 16 жастағы ұлым каникул кезінде тиын-тебен тапқысы келеді. Бірақ оны жұмысқа тек даяшы немесе қарауыл ретінде ғана алады. Екеуі де кешкі немесе түнгі уақыттағы жұмыстар. Бұл мезгілде жасөспірімдерге жұмыс істеуге болмайды деп естідім. Ал жалпы оларға қашан және неше сағат жұмыс жасауға болады? 23 мамыр 2012, 19:18 4 420 просмотра
Сұрақ-жауап Төлемдер атаулы күндерде беріледі - Мен ІІ- топ мүгедегімін, 9 мамырға бізге төлемдер беріледі дегенді естідім. Алайда, оны әзірге кімнің төлейтіндігі белгісіз. Қалалық әлеуметтік қамту бөліміне, мүгедектер қоғамына хабарластық, бірақ олар ештеңе білмейтін болып шықты. Бізге ақшаны қашан береді? 23 мамыр 2012, 19:17 1 855 просмотра
Сұрақ-жауап Учаскені сатып ал - 1994 жылы маған бизнес жасау үшін Құлсарыдан жер учаскесін жалға берген еді. Жалға беру мерзімі 49 жыл. Барлық қажетті құжаттар қолымда. Қазір ұлдарымның атына құжаттарды қайта рәсімдеп, сол жерден жеке үй салғым келеді. Учаскенің мақсатын қалай өзгерте аламын? 16 мамыр 2012, 21:46 2 307 просмотра
Сұрақ-жауап Кешіксең – ұша алмайсың - Жұбайым Алматыдан бір айлық сәбиімізбен ұшып шықпақ болып еді, бірақ оны жолаушыларды отырғызу аяқталды деп, тіркеу бағанына өткізбеді. Одан басқа тағы он адамды өткізбепті. Бірақ олардың ішіндегі шетелдік азамат өтіп кетті. Айтыңыздаршы, шетелдіктердің қандай айрықша құқықтары бар? Ұшу алдындағы тіркеу қай уақытта аяқталады? 16 мамыр 2012, 21:44 2 477 просмотра
Сұрақ-жауап Базаны жаңартыңыз - Күйеуім қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма қайта рәсімдеп алған едім. Барлық коммуналдық қызметтер түбіртектерді менің атыма жібереді, ал үй кітабын апарсам да жылу қызметкерлерінен түбіртек бұрынғыша күйеуімнің атына келеді. Шынымды айтсам, олардан түбіртектер алу маған моралдық тұрғыда ауыр тиеді. Неліктен олар түбіртектегі мәліметті өзгертпейді? 16 мамыр 2012, 21:42 2 011 просмотра
Сұрақ-жауап Құжатты үш күн күтесіз - Біз жұмыс жасап тұрған ЖК атауын өзгерткіміз келеді. Қандай құжаттарды тапсыру керек және бұл процедура қанша уақыт алады? 16 мамыр 2012, 21:41 1 919 просмотра
Сұрақ-жауап Атыраудағы үйлер сапалы ма? - Менің қалалық билікке бірнеше сұрағым бар. 1. Авангард 4-ықшам ауданындағы №1 мектеп-интернаттың жанына гүл бағы салынды, ал оған Жеңіс бағы жақтан ғана кіруге болады. Кіретін жерді Владимирский көшесі жақтан ашуға болмай ма? 2. Өткен жылы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Огородный көшесінің маңы да бар. Ал обамен күрес стансасының маңындағы өзеннің қарама-қарсы бетіндегі жыл сайын мүжілетін жағасына нығайту жұмыстары жүргізілген жоқ. Жұмыстар қашан жасалады? 16 мамыр 2012, 21:40 1 734 просмотра
Сұрақ-жауап Банктің өз талабы бар Екінші деңгейлі банктер мен кредиторлар арасындағы өзара қарым-қатынас тақырыбындағы радио хабарларының бірінде банктің ипотеканы жүзеге асыру тәртібі туралы әңгіме қозғалды. Меніңше, хабардың негізгі бөлігі «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңына (әрі қарай «Ипотека туралы заң») сай келмейді. Яғни, Қазақстан халқына нақты ақпарат берілген жоқ. 16 мамыр 2012, 21:38 2 223 просмотра
Сұрақ-жауап Шығынды кім өтейді? - Мен Махамбет көшесі, 116 А үйде тұрамын. Қатты жел тұрған кезде үйдің шатырының бір бөлігі желмен ұшып, сол маңда тұрған машинаны бүлдірді, көліктің алдыңғы әйнегі толығымен сынып, капотын жырып кетті. Бұл жағдайда келтірілген шығынды кім өтейтіндігін білгім келеді? Біздің үйде ПИК жоқ. 9 мамыр 2012, 15:59 1 841 просмотра
Сұрақ-жауап Лицензия қайта рәсімделеді - Лицензия берудің жаңа ережесі бойынша құрылыс компанияларында сейсмоқауіпті аудандарда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге құқық беретін куәліктері болуы тиіс. Бұл талаптар біздің аймақта талап етіле ме? 9 мамыр 2012, 15:58 1 801 просмотра
Сұрақ-жауап Жазда құбыр құрғап қалады - Біз Сәтбаев даңғылы бойындағы №32 және 34 үйлерде тұрамыз. Жаз басталысымен бізде сумен жабдықтау жүйесінде судың көтерілуіне қатысты проблема туындайды, жоғары қабаттағылар тіпті, қақсып қалады. Біздің арамызда орналасқан екі үй насосқа қосылған. Бізді де насосқа қосу қиын ба? 9 мамыр 2012, 15:58 2 015 просмотра
Сұрақ-жауап Алдыңызға ас қойдық... - Мен Астана және Алматы қалаларына ұшақпен жиі ұшамын. Әуебилеттерінің құны жоғары, ал, ұшу уақыты үш сағаттан аспайды. Көптеген жолаушылар, оның ішінде өзім де бармын, ұшақта берілетін тағамдардан егер оның билеттің құнына әсері болса, бас тарта аламын ба? 9 мамыр 2012, 15:57 2 453 просмотра
Сұрақ-жауап Батпақтан - асфальтқа - Мен жолсеріктер резерві ауданындағы Вагонный көшесінде тұрамын. Көшемізді асфальттау туралы өтінішпен біз ТКШ бөліміне шағымданғанымызға бірінші жыл емес. Шамамен көшенің ұзындығы – 500 метрдей ғана. Жыл сайын көше адам өте алмастай батпаққа айналады. Өткен жылы біздің көшемізді асфальттауды 2011 жылдың жоспарына енгізеді деп уәде еткен болатын, алайда, енгізілмей қалды. Биылғы жылы бұл уәде орындалар ма екен? 9 мамыр 2012, 15:56 1 950 просмотра
Сұрақ-жауап Айрықша талап қойылмайды - Мен 5 жастағы кішкене сіңлімді қандай да бір спорттық секцияға, мәселен, көркем гимнастикаға жаздыртқым келеді, ол мүмкін бе? 9 мамыр 2012, 15:55 2 025 просмотра
Сұрақ-жауап Мектептегі мәселе - Мектеп әкімшілігі – директор мен оқу ісінің меңгерушісі өздеріне ауысқан сағаттардың (уақытша жұмыста жоқ педагогтың орнына жұмыс істеу) көп бөлігін алуға құқылы ма? Қандай да бір шектеулер бар ма? Олар көбіне сырқаттануына байланысты күн алғандардың орнына, басқа мұғалімдердің қалуына мүмкіндік бермей өздері қалады. 9 мамыр 2012, 15:54 2 201 просмотра
Сұрақ-жауап Мұражайға барғымыз келеді - Біз балам екеуміз бірнеше рет Жилгородоктағы палеонтологиялық мұражайға барғанбыз, алайда, ол қашан барсақ та жабық. Анықтамалық телефон қызметінде бұл мұражай туралы ешқандай мәліметтер жоқ екендігін айтады. Мұражайдың телефоны мен жұмыс істеу кестесін қалай табуға болады? 9 мамыр 2012, 15:53 2 117 просмотра